User's Guide
—
Windows 8.1: Бастау терезесінің сол жақ төменгі бұрышындағы төмен көрсеткіні басып,
принтер атауын таңдаңыз.
—
Windows 8: Пуск (Бастау) экранында экрандағы бос аймақты тінтуірдің оң жағымен басып,
бағдарламалар панеліндегі Все программы (Барлық бағдарламалар) түймесін басып, кейін
принтер аты бар белгішені басыңыз.
—
Windows 7, Windows Vista, және Windows XP: Компьютердің жұмыс үстелінде Пуск (Бастау)
түймешігін басыңыз, Все программы (Барлық бағдарламалар) белгішесін таңдаңыз, HP
басыңыз, HP Oicejet 5740 сериялары басыңыз және содан кейін HP Oicejet 5740
сериялары басыңыз.
●
Тек қана қара сияны қолданып, құжатты ақ және қара түсте басып шығаруды қаласаңыз,
Дополнительный (Қосымша) түймешігін басыңыз. Печатать как полутоновое (Сұр реңкте басып
шығару) ашылмалы мәзірінен Только черные чернила (Тек қана қара сия) параметрін таңдап, OK
түймешігін басыңыз.
Принтер параметрлері туралы кеңес
●
Басып шығару диалогтық терезесіндегі принтерге жүктелген қағаз өлшемін таңдау үшін Қағаз
өлшемі қалқымалы мәзірін пайдаланыңыз.
●
Басып шығару диалогтық терезесінде Қағаз түрі/Сапа қалқымалы мәзірін таңдаңыз және қажетті
қағаз түрі мен сапаны таңдаңыз.
●
Тек қара сияны пайдаланып қара және ақ құжатты басып шығару үшін қалқымалы мәзірдегі
Қағаз түрі/сапасы аймағын таңдап, түрлі-түсті қалқымалы мәзірден Сұр түс реңктері параметрін
таңдаңыз.
Жазбалар
●
Түпнұсқа HP картридждары HP принтерлері үшін жасалған және үздіксіз тамаша нәтижелерді
оңай алу үшін HP принтерлерінде тексерілген.
ЕСКЕРТПЕ: HP компаниясы өздері шығармаған жабдықтардың сапасына немесе сенімді
екендігіне кепілдік бере алмайды. HP компаниясы шығармаған жабдықтарды пайдалану
нәтижесінен болған принтер қызмет көрсету немесе жөндеу жұмыстары кепілдікке кірмейді.
Егер HP компаниясы шығарған сия картридждарын сатып алғаныңызға сенімді болсаңыз, мына
веб-торапқа өтіңіз:
www.hp.com/go/anticounterfeit
●
Сия деңгейі ескертулері мен көрсеткіштері тек қана жоспарлау мақсатында ғана анықтауларды
береді.
ЕСКЕРТПЕ: Сияның аз қалғандығы туралы ескерту хабарламасын алған кезде, ықтимал басып
шығару кешігулерін болдырмау үшін ауыстыратын картридждың болуын қарастырыңыз. Басып
шығару сапасы ұнамсыз болмайынша картридждарды ауыстырудың қажеті жоқ.
●
Принтер драйверінде таңдалған бағдарламалық құрал параметрлері басып шығару үшін ғана
қолданылады, олар көшіру немесе сканерлеу үшін қолданылмайды.
●
Құжатты қағаздың екі жағында да басып шығаруға болады.
30 3-тарау Басып шығару KKWW










