User's Guide

Сканерлеу
Құжаттарды, фотосуреттерді және басқа да қағаз түрлерін сканерлеуге және оларды компьютер
немесе электрондық хабар алушысы секілді тағайындалған әр түрлі орындарға жіберуге болады.
Құжаттарды HP принтерінің бағдарламалық құралымен сканерлеген кезде іздеуге және өңдеуге
болатын пішімде сканерлеуге болады.
Жиексіз түпнұсқаны сканерлеу кезінде құжатты беретін құралын емес, сканер әйнегін пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Кейбір сканерлеу функциялары HP бағдарламалық құралын орнатқаннан кейін ғана қол
жетімді болады.
Компьютерге сканерлеу
Жад құрылғысына сканерлеу
Электрондық поштаға сканерлеу
Веб-сканерлеу көмегімен сканерлеу
Компьютерге сканерлеу
Компьютерге сканерлемес бұрын HP принтерінің ұсынылған бағдарламалық құралы
орнатылғандығын тексеріңіз. Принтер мен компьютер жалғанған және қосулы болуы қажет.
Қосымша, Windows компьютерлерінде сканерлеуге қатысты принтердің бағдарламалық құралын іске
қосу қажет.
Компьютерге сканерлеу мүмкіндігін қосу (Windows)
Компьютерге сканерлеу мүмкіндігі зауыттық параметрде қосылады. Мүмкіндік өшірулі болса және
оны қайта қосу қажет болса, осы нұсқауларды орындаңыз.
1. HP принтерінің бағдарламалық құралын ашыңыз.
2. Сканерлеу бөліміне өтіңіз.
3. Компьютерге сканерлеуді басқару параметрін таңдаңыз.
4. Қосу түймесін басыңыз.
Компьютерге сканерлеу мүмкіндігін қосу (OS X)
Компьютерге сканерлеу мүмкіндігі зауыттық параметрде қосылады. Мүмкіндік өшірулі болса және
оны қайта қосу қажет болса, осы нұсқауларды орындаңыз.
1. HP қызметтік бағдарламасын ашыңыз.
2. Сканерлеу параметрлері тармағында Компьютерге сканерлеу түймесін басыңыз.
3. Компьютерге сканерлеуді қосу параметрі таңдалғанын тексеріңіз.
KKWW Сканерлеу 43