User's Guide
10. Электрондық пошта ақпаратын тексеріп, Жалғастыру түймесін түртіңіз.
11. Электрондық поштаға сканерлеу түймесін түртіңіз.
12. Сканерлеу аяқталған кезде OK түймесін түртіп, басқа электрондық пошта,а жіберу үшін Иә немесе
аяқтау үшін Жоқ түймесін басыңыз.
Электрондық поштаға сканерлеу мүмкіндігін пайдалану
Электрондық поштаға сканерлеу мүмкіндігін пайдалану
1. Құжатты беретін құралға түпнұсқаны басып шығарылатын бетін жоғары қаратып салыңыз
немесе сканер әйнегінің алдыңғы оң жақ бұрышына басып шығарылатын бетін төмен қаратып
салыңыз.
2. Scan (Сканерлеу) түймесін түртіңіз, содан соң Email (Электрондық пошта) түймесін түртіңіз.
3. Басқару тақтасының дисплейінде пайдаланылатын тіркелгіні таңдап, Жалғастыру түймесін
түртіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Тіркелгіңіз болмаса, Тіркелгім тізімде жоқ тармағын таңдаңыз. Электрондық пошта
мекенжайын енгізу және PIN кодты алу сұралады.
4. Сұралса, PIN кодын енгізіңіз.
5. Фотосурет немесе Құжат түймесін түрте отырып сканерлеу түрін таңдаңыз.
6. Фотосуреттер үшін сканерлеу параметрлерін таңдап, Жалғастыру түймесін түртіңіз.
Құжаттар үшін келесі қадаммен жалғастырыңыз.
7. Алушыларды қосу не жою үшін Алушыны (алушыларды) өзгерту түймесін және аяқталған
кезде Дайын түймесін түртіңіз.
8. Электрондық пошта ақпаратын тексеріп, Жалғастыру түймесін түртіңіз.
9. Электрондық поштаға сканерлеу түймесін түртіңіз.
10. Сканерлеу аяқталған кезде OK түймесін түртіп, басқа электрондық пошта,а жіберу үшін Иә немесе
аяқтау үшін Жоқ түймесін басыңыз.
Тіркелгі параметрлерін өзгерту
Тіркелгі параметрлерін өзгерту үшін
1. Scan (Сканерлеу) түймесін түртіңіз, содан соң Email (Электрондық пошта) түймесін түртіңіз.
2. Басқару тақтасының дисплейінде өзгертілетін тіркелгіні таңдап, Өзгерту түймесін түртіңіз.
3. Өзгерту қажет параметрді таңдап, экрандағы сұрауларды орындаңыз.
●
Автоматты кіру
●
Электрондық поштаны сақтау
●
Тізімнен жою
46 5-тарау Көшіру және сканерлеу KKWW










