User's Guide

Телефон кітапшасының контактілерін орнату
Жиі қолданылатын факс нөмірлерін телефон кітапшасының контактілері ретінде орнатуға болады.
Бұл принтердің басқару тақтасын пайдалану арқылы сол нөмірлерді жылдам теруге мүмкіндік береді.
КЕҢЕС: Принтердің басқару тақтасынан телефон кітапшасының контактілерін жасап және басқарып
қана қоймай, сондай-ақ принтермен және принтердің енгізілген веб-серверімен бірге берілген НР
бағдарламалық құралы сияқты компьютердегі қолжетімді құралдарды пайдалануға болады.
Қосымша ақпарат алу үшін Кеңейтілген принтерді басқару құралдары (желілік принтерлер үшін)
(95-бет) бөлімін қараңыз.
Телефон кітапшасының контактілерін орнату және өзгерту
Топтық телефон кітапшасының контактілерін орнату және өзгерту
Телефон кітапшасының контактілерін жою
Телефон кітапшасы контактілерінің тізімін басып шығару
Телефон кітапшасының контактілерін орнату және өзгерту
Факс нөмірлерін телефон кітапшасының контактілері ретінде сақтауға болады.
Телефон кітапшасының контактілерін орнату
1. Принтердің басқару тақтасының дисплейінен Факс түймесін басыңыз.
2. Қазір жіберу түймесін түртіңіз.
3.
елефон кітапшасы) түймесін түртіңіз.
4.
(Телефон кітапшасының контактісі) түймесін түртіңіз.
5.
Контактіні қосу үшін (Қосу белгісі) түймесін түртіңіз.
6. Аты түймесін түртіп, телефон кітапшасы контактісінің атын теріңіз де, Дайын түймесін түртіңіз.
7. Факс нөмірі түймесін түртіп, телефон кітапшасы контактісінің факс нөмірін теріңіз де, Дайын
түймесін түртіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Аймақ коды, жеке телефон станциясынан (PBX) тыс жерлердегі нөмірлер үшін рұқсат
коды (әдетте 9 немесе 0) немесе ұзақ арақашықтықтағы префикс сияқты басқа да қажетті
нөмірлерді немесе үзілістерді енгізгеніңізді тексеріңіз.
8. Қосу түймесін түртіңіз.
Телефон кітапшасының контактілерін өзгерту
1. Принтердің басқару тақтасының дисплейінен Факс түймесін басыңыз.
2. Қазір жіберу түймесін түртіңіз.
3.
елефон кітапшасы) түймесін түртіңіз.
4.
(Телефон кітапшасының контактісі) түймесін түртіңіз.
5.
Контактіні өңдеу үшін (Өңдеу) түймесін түртіңіз.
62 6-тарау Факс KKWW