User's Guide
Есептерді қолдану
Принтерді әрбір жіберілетін және қабылдап алынатын факс үшін қате есептерін және растау есептерін
басып шығаратын етіп орнатуға болады. Талап етілгенде жүйенің есептерін қолмен басып шығаруға
да болады. Бұл есептер принтер туралы пайдалы жүйе мәліметтерін береді.
Әдепкі бойынша принтер факсты жіберу немесе қабылдап алу кезінде Ақау болғанда ғана есепті
басып шығаратын етіп орнатылады. Факстың сәтті жіберілгенін анықтайтын растау хабарламасы әрбір
таратудан кейін басқару тақтасының дисплейінде аз уақытқа көрсетіледі.
ЕСКЕРТПЕ: Есептер түсініксіз болса, басқару тақтасынан немесе НР бағдарламалық құралынан
анықталған сия деңгейлерін тексеріңіз. Қосымша ақпарат алу үшін Анықталған сия деңгейлерін
тексеру (77-бет) бөлімін қараңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Сия деңгейі ескертулері мен көрсеткіштері тек қана жоспарлау мақсатында ғана
бағалауларды береді. Төмен сия деңгейі туралы ескертуді алған кезде, ықтимал басып шығару
кешігулерін болдырмау үшін ауыстыратын картридждың болуын қарастырыңыз. Басып шығару
сапасы жарамсыз болмайынша сия картридждерін ауыстырудың қажеті жоқ.
ЕСКЕРТПЕ: Басып шығару механизмдерінің және сия картридждерінің жақсы жағдайларда болуын
және дұрыс орнатылуын қамтамасыз етіңіз. Қосымша ақпарат алу үшін Сия картридждарымен жұмыс
істеу (76-бет) бөлімін қараңыз.
Осы бөлімде төмендегідей тақырыптар бар:
●
Факсты растау есептерін басып шығару
●
Факстың қате есептерін басып шығару
●
Факс жұрналын басып шығару және қарап шығу
●
Факс жұрналын тазалау
●
Соңғы факсты таратудың толық деректерін басып шығарыңыз.
●
Қоңырау шалушы нөмірінің есебін басып шығару
●
Қоңырау шалу тарихын қарап шығу
Факсты растау есептерін басып шығару
Не факс жіберілген кезде, не факс жіберіліп немесе қабылданған кезде растау есебін басып шығаруға
болады. Әдепкі параметр - Вкл (при отправке) (Қосулы (Факс жіберілгенде). Өшірулі кезде растау
хабары басқару тақтасында факс жіберілгеннен немесе қабылданғаннан кейін аз уақыт көрінеді.
ЕСКЕРТПЕ: Қосулы (Факс жіберілгенде) немесе Қосулы (Факс жіберілгенде және қабылданғанда)
параметрін таңдаған болсаңыз және жадтан жіберу үшін факсты сканерлейтін болсаңыз немесе
Сканирование и факс (Сканерлеу және факс) параметрін қолдансаңыз, факстың алғашқы бетінің
кескінін факсты жіберуді растау есебіне қоса аласыз.
Факсты растауды қосу
1. Принтердің басқару тақтасының дисплейінен Теңшеу түймесін басыңыз.
2. Факсты орнату түймешігін басыңыз.
3. Есептер түймесін, содан соң Факсты растау түймесін басыңыз.
72 6-тарау Факс KKWW










