HP ноутбугі Пайдаланушы нұсқаулығы
© Copyright 2013 Hewlett-Packard Development Company, L.P. Bluetooth өз меншік иесінің сауда белгісі болып табылады жəне оны HewlettPackard компаниясы лицензия бойынша пайдаланады. SD Logo — өз меншік иесінің сауда белгісі. Java — Sun Microsystems, Inc. корпорациясының АҚШ-та тіркелген сауда белгісі. Осы құжатта берілген ақпарат ескертусіз өзгертіледі. HP өнімдері мен қызметтеріне кепілдік тек осындай өнімдермен жəне қызметтермен бірге келетін тікелей кепілдік мəлімдемелерінде беріледі.
Қауіпсіздік туралы ескерту хабары АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Қызып кетумен байланысты зақымдарды немесе компьютердің қатты қызып кету жағдайын азайту үшін компьютерді тізеңізге қоймаңыз немесе компьютердің ауа желдеткішін бітемеңіз. Компьютерді тек қатты, тегіс беттің үстіне қойып пайдаланыңыз. Қасында тұрған қосымша принтер сияқты қатты беттің немесе жастық, кілем немесе мата сияқты жұмсақ беттің ауа ағынын бөгеуіне жол бермеңіз.
iv Қауіпсіздік туралы ескерту хабары
Maзмұны 1 Қош келдіңіз ................................................................................................................................................... 1 Ақпаратты табу ................................................................................................................................... 2 2 Компьютермен танысу ................................................................................................................................. 4 Жоғарыдан қарағандағы көрінісі .....
Енгізілген сандық пернетақтаны қосу жəне сөндіру ..................... 24 Енгізілген сандық пернетақта пернелерінің функцияларын ауыстырып қосу ............................................................................... 24 Қосымша сыртқы сандық пернетақтаны пайдалану ..................................... 24 Сенсорлы тақтаны қолдану ............................................................................................................. 24 Сенсорлы тақтаны өшіру жəне қосу ............................
Батареяның қызмет ету мерзімін ұзарту ........................................................................ 40 Төмен батарея деңгейлерін басқару .............................................................................. 40 Төмен батарея деңгейлерін анықтау ............................................................. 40 Төмен батарея деңгейі мəселесін шешу ....................................................... 41 Сыртқы қуат қолданылғанда төмен батарея деңгейін шешу ......
Қосымша сыртқы құрылғыларды пайдалану .................................................................................. 53 Қосымша сыртқы дискілерді пайдалану ......................................................................... 54 9 Жад модульдері .......................................................................................................................................... 55 10 Қауіпсіздік .....................................................................................................
13 MultiBoot ..................................................................................................................................................... 73 Жүктеу құрылғыларының реті туралы ............................................................................................ 73 Қосымша а Ақаулықтарды жою жəне қолдау көрсету ............................................................................ 74 Ақаулықтарды жою ........................................................................
x
1 Қош келдіңіз Компьютер параметрлерін орнатып, оны тіркегеннен кейін, мына əрекеттерді орындау маңызды: ● Интернетке қосылу — Интернетке қосылу үшін, сымды жəне сымсыз желіні реттеңіз. Қосымша ақпаратты Желі байланысын орнату 16-бетте бөлімінен қараңыз. ● Компьютермен танысу — компьютер мүмкіндіктері туралы қосымша мəлімет алыңыз. Қосымша ақпаратты Компьютермен танысу 4-бетте жəне Пернетақта мен меңзегіш құрылғылар 22-бетте атты бөлімдерден қараңыз.
Ақпаратты табу Түрлі тапсырмаларды орындауға көмектесетін бірнеше құрал компьютерде орнатылып келеді. Құралдар Берілетін ақпарат Параметрлерді орнату нұсқаулары постері ● Компьютерді орнату ● Компьютер бөліктерін анықтау Linux анықтамасы ● Компьютердегі бағдарламалық құралдар Linux анықтамасы бөліміне кіру үшін, Компьютер (Компьютер) > Справка (Анықтама) пəрмендерін таңдаңыз.
Құралдар Берілетін ақпарат Шектеулі кепілдік* Кепілдік туралы ақпарат Кепілдікті ашу үшін Жұмыс үстеліндегі Документы HP (НР құжаттары) белгішесін екі рет нұқыңыз. – немесе – http://www.hp.com/go/orderdocuments веб-торабына өтіңіз. *Құрылғыға қолданылатын арнайы ұсынылған НР Шектеулі кепілдігін компьютердегі жəне/немесе қорапта қамтамасыз етілген ықшам дискіде немесе DVD дискісіндегі пайдаланушы нұсқаулықтарында табуға болады.
2 Компьютермен танысу Жоғарыдан қарағандағы көрінісі Сенсорлы тақта ЕСКЕРІМ: Компьютердің көрінісі осы бөлімдегі суреттегіден сəл өзгешелеу болуы мүмкін. Бөлік 4 Сипаттама (1) Меңзегіш таяқша (тек таңдаулы үлгілерде) Меңзерді жылжытады жəне экрандағы элементтерді таңдайды немесе іске қосады. (2) Меңзегіш таяқшаның сол жақ түймешігі Сыртқы тінтуірдің сол жақ түймешігі сияқты жұмыс істейді. (3) Сенсорлы тақта аймағы Меңзерді жылжытады жəне экрандағы элементтерді таңдайды немесе іске қосады.
Шамдар Бөлік (1) Сипаттама Қуат шамы ● Қосулы: компьютер қосулы. ● Жыпылықтап тұр: компьютер тоқтата тұру режимінде. ● Өшірулі: компьютер өшірулі немесе ұйқы күйінде. (2) Caps lock шамы Қосулы: Caps lock қосулы. (3) Микрофон дыбысын өшіру шамы ● Сары: микрофон дыбысы өшірулі. ● Өшірулі: микрофон дыбысы қосулы. (4) Num lock пернесінің шамы Қосулы: Num lock қосулы.
Түймешіктер жəне саусақ ізін оқу құрылғысы (тек таңдаулы үлгілерде) Бөлік (1) Сипаттама Қуат түймешігі ● Компьютер өшірулі болғанда, компьютерді қосу үшін түймешікті басыңыз. ● Компьютер қосулы болғанда, тоқтата тұру күйін қосу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ● Компьютер күту режимінде болғанда, күту режимінен шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ● Компьютер ұйқы күйінде болған кезде, ұйқы күйінен шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз.
Бөлік Сипаттама (4) Дыбысты өшіру түймешігі Үндеткіш дыбысын өшіреді немесе қайта қосады. (5) Саусақ ізін оқу құрылғысы (тек таңдаулы үлгілерде) Құпиясөз арқылы кірудің орнына, жүйеге саусақ ізі арқылы кіруге мүмкіндік береді.
Пернелер Бөлік Сипаттама (1) fn пернесі Функция пернесімен бірге басылған кезде жиі қолданылатын жүйелік функцияларды орындайды. (2) Функционалдық пернелер fn пернесімен бірге басылғанда жиі қолданылатын жүйелік функцияларды орындайды. (3) Кірістірілген сан пернелері панелінің пернелері Пернетақта іске қосылған кезде оны сыртқы сандық пернетақта сияқты пайдалануға болады. Пернетақтаның əр пернесі оның жоғары оң жақ бұрышындағы белгіше көрсететін функцияны орындайды.
Бөлік (2) (3) (4) Сипаттама Қуат шамы Айнымалы ток адаптері/Батарея шамы Қатты диск шамы ● Қосулы: компьютер қосулы. ● Жыпылықтап тұр: компьютер күту режимінде. ● Өшірулі: компьютер өшірулі немесе ұйқы күйінде. ● Сары: Компьютер сыртқы қуат көзіне қосылған жəне батарея 0 - 90%-ға дейін зарядталған. ● Ақ: Компьютер сыртқы қуат көзіне қосылған жəне батарея 90 - 99%-ға дейін зарядталған. ● Сары түсте жыпылықтап тұрғанда: Жалғыз қуат көзі болып табылатын батарея аз батарея деңгейіне жетті.
Оң жағы Бөлік (1) Сипаттама Аудио шығыс (гарнитура) ұясы/Аудио кіріс (микрофон) ұясы Қосымша токқа қосылатын стерео үндеткіштерге, құлақаспаптарға, тығын тəріздес құлақаспаптарға, гарнитураға не теледидар дыбысы ұясына қосылған кезде дыбыс шығарады. Сонымен қатар, қосымша гарнитура микрофонын қосады. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, гарнитураларды жəне құлақаспаптарды киер алдында, дыбыс деңгейін реттеңіз.
Сол жағы Бөлік (1) Сипаттама Қауіпсіздік кабелінің ұясы Қосымша қауіпсіздік кабелін компьютерге жалғайды. ЕСКЕРІМ: Қауіпсіздік кабелі сақтандырғыш құрал ретінде əрекет ету үшін жасалған, бірақ ол компьютерге күтімсіз қараудан немесе оны ұрланудан қорғай алмауы мүмкін. (2) Ауа өткізгіш саңылаулар Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын қосады. ЕСКЕРІМ: Компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді салқындату үшін жəне қызып кетуден қорғау үшін автоматты түрде қосылады.
Дисплей Бөлік Сипаттама (1) WLAN антенналары (2)* Сымсыз жергілікті желілермен (WLAN) байланыста болу үшін сымсыз байланыс сигналдарын жібереді жəне қабылдайды. (2) Ішкі микрофондар (2) Дыбысты жазу. (3) Веб-камера шамы (тек таңдаулы үлгілерде) Қосулы: веб-камера қолданыста. (4) Веб-камера (тек таңдаулы үлгілерде) Бейнені жазады жəне суреттерді түсіреді. Веб-камераны пайдалану туралы ақпаратты HP анықтама жəне қолдау бөлімінен қараңыз.
Астыңғы жағы ЕСКЕРІМ: Компьютеріңіз осы бөлімде көрсетілгеннен аздап басқаша көрінуі мүмкін. Бөлік Сипаттама (1) Қосымша батарея қосқышы Қосымша батареяны қосады. (2) Қызмет көрсетуге арналған есік Қатты диск, сымсыз LAN (WLAN), WWAN жəне жад модульдерінің ұяларына кіруге мүмкіндік береді.
Бөлік Сипаттама (4) Қызмет көрсетуге арналған есікті босату құлпы Қызмет көрсетуге арналған есікті құлыптайды. (5) Желдеткіш саңылаулары (2) Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын қамтамасыз етеді. ЕСКЕРІМ: Компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді салқындату үшін жəне қызып кетуден қорғау үшін автоматты түрде қосылады. Жұмыс барысында желдеткіштің біресе қосылып, біресе өшіп отыруы – қалыпты жағдай.
Бөлік Сипаттама (3) Қызмет көрсетуге арналған есікті босату құлпы Қызмет көрсетуге арналған есікті құлыптайды. (4) Желдеткіш саңылаулары (3) Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын қамтамасыз етеді. ЕСКЕРІМ: Компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді салқындату үшін жəне қызып кетуден қорғау үшін автоматты түрде қосылады. Жұмыс барысында желдеткіштің біресе қосылып, біресе өшіп отыруы – қалыпты жағдай.
3 Желі байланысын орнату Компьютер Интернетке қосылудың келесі түрлерінің біреуін немесе екеуін де қолдауы мүмкін: ● Сымсыз — Интернетке мобильді кіру үшін сымсыз қосылысты пайдалана аласыз. Бар WLAN желісіне қосылу 17-бетте немесе Жаңа WLAN желісін орнату 19-бетте атты бөлімнен қараңыз. ● Сымды — Интернетке сымды желіге қосылу арқылы шығуға болады. Сымды желіге қосылу туралы ақпарат алу үшін Сымды желіге қосылу 20-бетте бөлімін қараңыз.
Сымсыз құрылғыларды қосу жəне өшіру Сымсыз байланыс түймешігін пайдалану Сымсыз байланыс пернесін сымсыз желілік контроллердің жəне Bluetooth контроллерінің екеуін бір уақытта өшіру мен қосу үшін пайдаланыңыз. Оларды Басқару орталығы немесе Компьютерді орнату арқылы жеке-жеке басқаруға болады. ЕСКЕРІМ: Компьютердегі сымсыз байланыс пернесінің орналасқан орны туралы ақпаратты Компьютермен танысу 4-бетте бөлімінен қараңыз.
ЕСКЕРІМ: Егер WLAN желілерінің тізімі көрсетілмесе жəне желіңіз жасырын болмаса, сымсыз жол жоспарлағышы ауқымының немесе кіру нүктесінің сыртындасыз. Егер сіз қосылғыңыз келетін желіні көрмесеңіз, тапсырмалар тақтасының оң жағындағы хабарландыру аймағында орналасқан Сетевое соединение (Желілік қосылыс) белгішесін басып, Изменить соединения (Қосылыстарды өзгерту) пəрменін таңдаңыз.
Жаңа WLAN желісін орнату Қажетті жабдықтар: ● Кең жолақты модем (DSL немесе кабельді) (1) жəне Интернет провайдерінен (ISP) сатып алынған жоғары жылдамдықты Интернет қызметі ● Сымсыз жол жоспарлағыш (бөлек сатылады) (2) ● Сымсыз компьютер (3) Төменде берілген суретте Интернетке қосылған сымсыз желінің орнатымы мысалға келтірілген. ЕСКЕРІМ: Кейбір кабельді модемдердің ішіне жол жоспарлағышы кірістіріледі. Жол жоспарлағышын бөлек сатып алу қажеті туралы Интернет қызметі провайдерінен сұраңыз.
ЕСКЕРІМ: HP компаниясы WPA2 таңдауды ұсынады, себебі бұл — үш шифрлау протоколының ең дамығаны. WEP шифрлауын пайдалану ұсынылмайды, себебі оны оңай шешуге болады. ● ● WPA жəне WPA2 протоколдары желі арқылы тасымалданатын деректерді шифрлау жəне шифрын ашу үшін қауіпсіздік параметрлерін қолданады. WPA протоколы да, WPA2 протоколы да динамикалық түрде əр бума үшін жаңа кілт жасайды, сондай-ақ желідегі əр компьютер үшін əртүрлі кілт жинақтарын жасайды.
Желілік кабельді жалғау үшін 1. Желілік кабелді компьютердегі желі ұясына (1) жалғаңыз. 2. Желілік кабелдің екінші ұшын қабырғалық желі ұясына (2) немесе жол жоспарлағышқа (суретте көрсетілмеген) жалғаңыз. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Электр тогының соғуы, өрт шығуы немесе жабдыққа зиян келтіру қатерінен аулақ болу үшін, модем немесе телефон кабелін RJ-45 (желі) ұясына жалғамаңыз.
4 Пернетақта мен меңзегіш құрылғылар Пернетақтаны пайдалану Үстіңгі жолдағы пернелерді анықтау Пернелер тіркесімі — fn пернесі мен esc пернесінің немесе функционалдық пернелердің біреуінің тіркесімі. ЕСКЕРІМ: Жылдам пернелердің орналасқан жерлері туралы ақпаратты Компьютермен танысу 4-бетте бөлімінен қараңыз. Пернелер тіркесімін пайдалану: ▲ fn пернесін аз уақыт басып, жылдам пернелер тіркесімінің екінші пернесін аз уақыт басыңыз.
жылдам пернелер тіркесімі Сипаттама fn+f10 Экран жарықтығының деңгейін ұлғайтады. fn+f11 Пернетақта жарықтандырғышын қосады жəне сөндіреді. ЕСКЕРІМ: Пернетақтаның жарықтандырғышы зауытта іске қосылады. Батареяның қызмет ету мерзімін ұзарту үшін пернетақта жарықтандырғышын өшіріңіз. Пернетақталарды пайдалану Компьютерде енгізілген сандық пернетақта (немесе кірістірілген сандық пернетақта) бар.
(2) Бөлік Сипаттама Енгізілген сандық пернетақта Пернетақта іске қосылған кезде оны сыртқы сандық пернетақта сияқты пайдалануға болады. Пернетақтаның əр пернесі оның жоғары оң жақ бұрышындағы белгіше көрсететін функцияны орындайды. (3) num lk пернесі fn пернесімен бірге басылғанда, енгізілген сандық пернетақтаны қосады жəне сөндіреді. ЕСКЕРІМ: Компьютер өшірілгенде белсенді болып тұрған пернетақта функциясы компьютер қайта қосылғанда қалпына келеді.
ЕСКЕРІМ: Компьютермен бірге жеткізілетін меңзегіш құрылғылармен қоса, сыртқы USB тінтуірін оны компьютердегі USB порттарының біреуіне жалғау арқылы пайдалануға болады. Сенсорлы тақтаны өшіру жəне қосу Сенсорлы тақтаны өшіру жəне қосу үшін, сенсорлы тақтаны қосу/өшіру түймешігін екі рет жылдам түртіңіз. Шарлау Меңзерді басқа жерге жылжыту үшін, саусағыңызды сенсорлы тақта беті арқылы қалаған бағытқа жылжытыңыз.
Таңдау Сенсорлы тақтасының сол жəне оң жақ түймешіктерін сыртқы тінтуірдің тиісті түймешіктері ретінде пайдаланыңыз. Сенсорлы тақта қимылдарын пайдалану Сенсорлы тақта бірқатар қимылдарды қолдайды. Сенсорлы тақта қимылдарын пайдалану үшін сенсорлы тақтаға екі саусақты бір уақытта орналастырыңыз. ЕСКЕРІМ: бермейді. Сенсорлы тақта қимылдарына бағдарламалардың барлығында қолдау көрсетіле Қимылдардың əрқайсысы туралы ақпарат көру үшін 1. Компьютер > Приложения (Қосымша қолданбалар) пəрмендерін таңдаңыз. 2.
Сенсорлы тақтаны қолдану 27
Жылжу Жылжу қимылы бетте немесе суретте жоғары, төмен қарай немесе көлденең жылжу кезінде қажет əрекет. Жылжу үшін екі саусақты сенсорлы тақтаның үстіне бөлек қойып, оларды сенсорлы тақта арқылы жоғары, төмен, сол немесе оң жаққа қарай апарыңыз. ЕСКЕРІМ: Жылжу жылдамдығы саусақ жылдамдығы арқылы басқарылады. Шымшу/Масштабтау Шымшу жəне масштабтау қимылдары суреттерді немесе мəтінді үлкейтуге не кішірейтуге мүмкіндік береді.
Айналдыру (тек таңдаулы үлгілерде) Айналдыру мүмкіндігі фотосурет сияқты элементтерді бұруға мүмкіндік береді. ● Нысанға меңзерді апарыңыз жəне сол сұқ саусақты сенсорлы тақта аймағында тіреңіз. Оң сұқ саусақты сағат тілімен 90 градус жүргізіңіз. Кері айналдыру үшін, сұқ саусағыңызды сағат тіліне қарсы 90 градус жүргізіңіз. ЕСКЕРІМ: Айналдыру қимылы нысан немесе кескінді жылжытуға болатын арнайы бағдарламаларға арналған. Бұл қимыл барлық бағдарламаларда жұмыс істемеуі мүмкін.
5 Мультимедиа Бұл компьютердің ішінде келесі құрылғылар бар: ● Кірістірілген үндеткіштер ● Кірістірілген микрофондар ● Кірістірілген веб-камера ● Алдын ала орнатылған мультимедиалық бағдарламалық құралдар ● Мультимедия түймешіктері немесе пернелері Дыбыс мүмкіндіктерін пайдалану Компьютер аудио мүмкіндіктерінің көбін пайдалануға мүмкіндік береді: ● Музыка ойнату. ● Дыбыс жазу. ● Интернеттен музыканы жүктеу. ● Мультимедиалық көрмелерді жасау.
Аудио функцияларын тексеру Компьютердегі жүйе дыбысын тексеру үшін, осы қадамдарды орындаңыз: 1. Компьютер > Центр управления (Басқару орталығы) пəрмендерін таңдаңыз. 2. Сол жақ аймақта Оборудование (Жабдық) тармағын, одан кейін оң жақ аймақта Звук (Дыбыс) тармағын таңдаңыз. 3. Sound Effects (Дыбыс əсерлері) қойыншасын нұқып, əрбір дыбысты тексеру үшін Choose an alert sound (Ескерту дыбысын таңдау) астындағы дыбыс параметрлерінің біреуін таңдаңыз.
VGA Сыртқы монитор порты немесе VGA порты аналогтық дисплей интерфейсі болып табылады, ол сыртқы VGA мониторы сияқты VGA дисплей құрылғысын немесе VGA проекторын компьютерге қосады. ▲ VGA дисплей құрылғысын қосу үшін, құрылғы кабелін сыртқы монитор портына жалғаңыз. Компьютерге жалғанған дисплейлер арасында кескінді ауыстырып көрсету үшін fn+f4 пернелерін басыңыз. ЕСКЕРІМ: fn+f4 пернелер тіркесімін басу параметрлер арасында ауысуға мүмкіндік береді.
DisplayPort Жоғары сапалы монитор немесе проектор секілді сыйысымды қосымша сандық дисплей құрылғыларын қосады. Сыртқы VGA монитор портымен салыстырғанда DisplayPort өнімділігі жоғары болып, сандық қосылысты жақсартады. 1. Сандық дисплей құрылғысын қосу үшін, құрылғы кабелін DisplayPort портына жалғаңыз. ЕСКЕРІМ: Құрылғы кабелін алу үшін, оны компьютерден ажыратуға қосқыш ілгекті басыңыз. 2. Кабельдің екінші ұшын видео дисплей ұясына жалғаңыз. 3.
6 Қуатты басқару Компьютердің жұмысын аяқтау ЕСКЕРТУ: Компьютер өшірілгенде сақталмаған ақпарат жойылады. Жұмысты аяқтау пəрмені амалдық жүйені қоса барлық ашық тұрған бағдарламаларды жауып, дисплей мен компьютерді өшіреді.
Күту режимін қосу жəне одан шығу Жүйенің зауыттық параметрлері бойынша күту режимі батареяда немесе сыртқы қуат көзінде болған құрылғының біраз уақыт ішінде əрекетсіз тұрғанда басталады. Қуат параметрлері мен үзілістерін Центр управления (Басқару орталығындағы) Управление питанием (Қуатты басқару) мəзірі арқылы өзгертуге болады. Компьютер қосулы болғанда келесі жолдардың кез келгенін қолданып күту режимін қосуға болады: ● Қуат түймешігін жылдам басыңыз. ● Дисплейді жабыңыз.
Қуат белгішесін қолдану Питание (Қуат) белгішесі хабарландыру аймағындағы тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан. Питание (Қуат) белгішесі қуат параметрлерін жылдам ашуға, батарея зарядының қалған деңгейін көруге жəне басқа қуат жоспарын таңдауға мүмкіндік береді. ● Қалған батарея зарядының пайыздық мөлшерін көрсету үшін Питание (Қуат) белгішесін нұқыңыз. Қалқымалы мəзір ақпаратты көрсетеді. Ақпаратты сондай-ақ тінтуір меңзерінPower (қуат) таңбасына меңзеу арқылы да көруге болады.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Мүмкін сақтық шараларына қатысты мəселелерді болдырмау үшін, компьютермен қамтамасыз етілетін батареяны, HP қамтамасыз ететін ауыстырғыш батареяны немесе HP компаниясынан сатып алынған батареяны ғана пайдаланыңыз. Қуатты басқару параметрлеріне, компьютерде іске қосылған бағдарламаларға, дисплей жарықтығына, компьютерге жалғанған сыртқы құрылғыларға жəне басқа да факторларға байланысты компьютер батареясының қызмет ету мерзімі əртүрлі болады.
ЕСКЕРТУ: Компьютердің жалғыз қуат көзі болып табылатын батареяны шығарып алу ақпараттың жоғалуын тудыруы мүмкін. Ақпараттың жоғалуына жол бермеу үшін, батареяны шығарып алмас бұрын, жұмысыңызды сақтап, компьютерді Windows жүйесі арқылы өшіріп тастаңыз. 1. Компьютерді төңкеріп, батарея ұясы өзіңізге қараған күйде тегіс бетке қойыңыз. 2. Қызмет көрсетуге арналған есікті алыңыз (Қызмет көрсетуге арналған есікті алу 46-бетте бөлімін қараңыз). 3.
Батареяның қызмет ету мерзімін ұзарту жəне батарея заряды дисплейлерінің нақтылығын оңтайландыру үшін осы ұсыныстарды орындаңыз: ● Жаңа батареяны зарядтаған кезде, компьютерді қоспас бұрын оны толық зарядтаңыз. ЕСКЕРІМ: Батарея зарядталып жатқан кезде компьютер қосылып тұрса, хабарландыру аймағындағы батарея көрсеткіші батарея толық зарядталып болғанға дейін толық зарядталғанын көрсетуі мүмкін.
Батареяның қызмет ету мерзімін ұзарту Батареяның қызмет ету мерзімін ұзарту үшін 1. Компьютер > Центр управления (Басқару орталығы) пəрмендерін таңдаңыз. 2. Сол жақ аймақта Система (Жүйе) тармағын, одан кейін оң жақ аймақта Управление питанием (Қуатты басқару) тармағын таңдаңыз. 3. От батареи (Батарея қуатымен) қойыншасында: ● Компьютер пайдаланылмаған кезде ұйқы режимін қосу параметрінің сырғытпасын оң жаққа жылжытып, 10 минутқа реттеңіз.
Төмен батарея деңгейі мəселесін шешу Сыртқы қуат қолданылғанда төмен батарея деңгейін шешу ▲ Компьютерді төмендегі құрылғылардың біреуі арқылы сыртқы айнымалы ток қуатына қосыңыз: ● Айнымалы ток адаптері ● Қосымша жалғау немесе кеңейту құрылғысы ● НР компаниясынан қосалқы құрал ретінде сатып алынатын қосымша қуат адаптері Зарядталған батарея бар болғанда төмен батарея деңгейін шешу 1. Компьютерді өшіріңіз немесе күту күйін қосыңыз. 2. Зарядсыз батареяны зарядталған батареяға ауыстырыңыз. 3.
Сақталатын батареяның зарядын ұзақ уақыт бойы сақтау үшін оны салқын, құрғақ жерге қойыңыз. ЕСКЕРІМ: Сақталған батареяны əрбір 6 ай сайын тексеру қажет. Егер сыйымдылығы 50 пайыздан төмен болса, қайта сақтаудан бұрын батареяны қайта зарядтаңыз. Батарея бір немесе бірнеше ай сақталған болса, оны пайдаланбастан бұрын, тексеріңіз.
Компьютерді сыртқы айнымалы токтан ажыратқанда, төмендегі жағдайлар туындайды: ● Компьютер батарея қуатына көшеді. ● Батареяның қызмет ету мерзімін сақтау үшін, дисплей жарықтығы автоматты түрде азаяды. Айнымалы ток адаптерін тексеру Айнымалы ток қуат көзіне жалғанған компьютерде мына жағдайлар орын алса, айнымалы ток адаптерін тексеріңіз: ● Компьютер қосылмайды. ● Дисплей қосылмайды. ● Қуат шамдары жанбайды. Айнымалы ток адаптерін тексеру: 1. Компьютерді сөндіріңіз. 2.
режимінде жұмыс істейді. Қолданбаға қажеті режимді (жоғары сапалы немесе қуат үнемдеу) гибрид графикасын басқару панелі арқылы таңдауға болады. ЕСКЕРІМ: Құрылғының шектеулеріне байланысты кейбір қолданбалар екі режимнің біреуін ғана қолдана алады. Қосымша ақпарат алу үшін, гибрид графикалық режимдер бағдарламалық құралының анықтамасын қараңыз.
7 Дискілер Дискілер ұстау ЕСКЕРТУ: Дискілер компьютердің əлсіз бөліктері жəне оларды абайлап ұстау қажет. Диск жетектерін ұстамас бұрын келесі ескертулерді қараңыз. Қосымша ескертулер олар қолданылатын үрдістерде қамтылған. Мына сақтық шараларын орындаңыз: ● Сыртқы қатты дискіге қосылған компьютерді қозғамас бұрын, күту режимін қосып, экранның өшірілуіне мүмкіндік беріңіз немесе сыртқы қатты дискіні дұрыс ажыратыңыз.
Қызмет көрсетуге арналған есікті алу немесе қайта қою Қызмет көрсетуге арналған есікті алу Батарея, жад модулі ұясы, қатты диск пен басқа бөліктерге кіру үшін, қызмет көрсетуге арналған есікті алыңыз. 1. Батарея ұясын өзіңізге қаратып, қызмет көрсетуге арналған есікті босату ысырмасын (1) сол жаққа сырғытыңыз, (егер қосымша бұранда пайдаланылып тұрса) бұранданы (2) шығарып алып, қызмет көрсетуге арналған есікті шешу үшін, босату ысырмасын (3) қайта сырғытыңыз.
Қызмет көрсетуге арналған есікті орнына салу Батарея, жад модулі ұясы, қатты диск, техникалық деректер жапсырмасы мен басқа бөліктерге кіргеннен кейін қызмет көрсетуге арналған есікті орнына орналастырыңыз. 1. Қызмет көрсетуге арналған есікті оның алдыңғы жиегін компьютердің (1) алдыңғы жиегімен туралайтындай етіп төмен еңкейтіңіз. 2. Қызмет көрсетуге арналған есіктің артқы жиегіндегі туралау ілгектерін (2) компьютердегі кетіктерге енгізіңіз. 3.
Қатты дискіні ауыстыру немесе жаңарту ЕСКЕРТУ: Мəліметтердің жоғалуын немесе жауапсыз жүйені болдырмау үшін Қатты дискіні қатты диск ұясынан шығармастан бұрын, компьютерді өшіріңіз. Компьютер қосулы тұрғанда, ұйқы немесе күту күйінде болғанда, қатты дискіні шығарып алмаңыз. Егер компьютер сөндірулі екендігіне сенімді болмасаңыз, қуат түймешігін басып, компьютерді қосыңыз. Содан соң амалдық жүйе арқылы компьютерді өшіріңіз. Қатты дискіні шығарып алу Қатты дискіні шығарып алу үшін 48 1.
Қатты дискіні орнату ЕСКЕРІМ: Компьютеріңіз осы бөлімде көрсетілгеннен аздап басқаша көрінуі мүмкін. Қатты дискіні орнату үшін 1. Қатты дискіні бұрышта (1) оның ұясына салып, одан кейін қатты дискіні оның ұясында (2) тегіс орналастырыңыз. 2. Қатты дискіні қосқышқа жалғау үшін, пластмасса кесіндісін (3) компьютердің ортасына қарай тартыңыз. 3. Қатты диск бұрандаларын бұрап қатайтыңыз (4). 4. Батареяны компьютерге салыңыз (Батареяны салу 37-бетте бөлімін қараңыз). 5.
ЕСКЕРІМ: Қатты күйдегі диск жетектерінің (SSDs) қозғалмалы бөлшектері болмағандықтан, HP 3D DriveGuard қажет емес. ЕСКЕРІМ: Бастапқы қатты диск ұясындағы немесе қосымша ұясындағы қатты дискілер HP 3D DriveGuard арқылы қорғалады. Қосымша қондыру құрылғысына орнатылған немесе USB портына қосылған қатты диск HP 3D DriveGuard арқылы қорғалмайды. Қосымша ақпаратты HP 3D DriveGuard бағдарламалық құралының анықтамасынан қараңыз.
8 Сыртқы карталар жəне құрылғылар Жад карталарын оқу құралын пайдалану Қосымша жад карталары деректерді қауіпсіз сақтау мен оларды ыңғайлы түрде ортақ пайдалану мүмкіндігін береді. Бұл карталар əдетте сандық медиамен жабдықталған камераларда, қалта компьютерлерінде жəне басқа да компьютерлерде қолданылады. Компьютеріңіз қолдау көрсететін сандық жад карталарының пішімдерін анықтау үшін, Компьютермен танысу 4-бетте бөлімін қараңыз.
3. Сандық картаны оның ұясынан шығарыңыз. Смарт карталарды пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) ЕСКЕРІМ: Смарт карта термині осы тарауда смарт карталар мен JavaTM карталарының екі түрін білдіреді. Смарт карта — жад пен микропроцессоры бар шағын схемалы несие картасы өлшеміндегі қосалқы құрал. Дербес компьютерлер сияқты смарт карталардың кірісті жəне шығысты басқаратын амалдық жүйелері, сондай-ақ оларды рұқсатсыз пайдаланудан қорғайтын қауіпсіздік мүмкіндіктері бар.
USB құрылғысын жалғау ЕСКЕРТУ: USB қосқышын зақымдамау үшін, USB құрылғысын күштеп жалғамаңыз. ЕСКЕРІМ: мүмкін. ▲ Компьютердің көрінісі USB порты осы бөлімдегі суреттегіден сəл өзгешелеу болуы USB құрылғысын компьютерге жалғау үшін, құрылғының USB кабелін USB портына қосыңыз. ЕСКЕРІМ: USB жад құрылғысы қосылған кезде жүйенің құрылғыны танытқанын көрсету үшін хабарландыру аймағында хабарлама көрсетілуі мүмкін.
ЕСКЕРТУ: Токқа қосылған құрылғыны жалғағанда, жабдықтың зақымдану қатерін азайту үшін, құрылғының өшірілгендігін жəне айнымалы ток қуаты сымының ажыратылғандығын тексеріңіз. 1. Құрылғыны компьютерге қосыңыз. 2. Егер токқа қосылған құрылғыны қоссаңыз, құрылғының қуат сымын жерге қосылған айнымалы ток розеткасына жалғаңыз. 3. Құрылғыны қосыңыз. Қуат көзіне қосылмаған сыртқы құрылғыны ажырату үшін құрылғыны өшіріп, одан кейін оны компьютерден ажыратыңыз.
9 Жад модульдері Компьютерде бір жад модуль бөлімі бар. Бос болған ұяға жад модулін қосу немесе бастапқы ұядағы жад модулін жаңарту арқылы компьютердің жад көлемін арттыруға болады. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ток ұру немесе жабдықтың зақымдалу қатерін азайту үшін, қуат сымын ажыратып, жад модулін орнатпас бұрын, барлық батареяларды шығарып алыңыз. ЕСКЕРТУ: Электростатикалық ток соғу (ESD) электроникалық бөліктерді зақымдауы мүмкін.
ə. Жад модулінің шетін ұстап, (2), модульді ұясынан ақырын тартып шығарыңыз. Шығарғаннан кейін жад модулін қорғау үшін, оны электростатикалық ток өтпейтін контейнерге салыңыз. 7. Жаңа жад модулін енгізу үшін ЕСКЕРТУ: Жад модулінің зақымдануын болдырмау үшін, оны жиектерінен ғана ұстаңыз. Жад модуліндегі бөліктерге тимеңіз жəне жад модулін қисайтпаңыз. 56 а. Жад модулінің ойықтары бар шетін жад модулі ұясының тіліне келтіріңіз (1). ə.
б. Жад модулінің сол жəне оң жақ жиектеріне қысым бере отырып, жад модулін (3) төмен қарай жайлап, ұстап тұратын қыстырғыштар орнына түскенше, басыңыз. 8. Батареяны қайта салыңыз (Батареяны салу 37-бетте бөлімін қараңыз). 9. Қызмет көрсетуге арналған есікті орнына салыңыз (Қызмет көрсетуге арналған есікті орнына салу 47-бетте бөлімін қараңыз). 10. Компьютерді жоғары қаратып, айнымалы ток қуатын жəне сыртқы құрылғыларды оған қайта жалғаңыз. 11. Компьютерді қосыңыз.
10 Қауіпсіздік Компьютерді қорғау ЕСКЕРІМ: Қауіпсіздік шешімдері қорғаныс шаралары ретінде əрекет ету үшін жасалады, бірақ олар бағдарламалық құрал шабуылдарынан немесе компьютерге күтімсіз қарау не оны ұрланудан қорғамайды. Компьютермен бірге жеткізілетін қауіпсіздік мүмкіндіктері компьютер, жеке ақпарат пен деректерді түрлі қауіп-қатерлерден қорғайды. Қажет қауіпсіздік шаралары компьютер қолданылатын əдіске байланысты болады. Амалдық жүйенің бірқатар қауіпсіздік мүмкіндіктері бар.
Құпия сөздерді жасау жəне сақтау үшін төмендегі кеңестерді пайдаланыңыз: ● Құпия сөздерді жасаған кезде, бағдарлама арқылы орнатылған талаптарды орындаңыз. ● Құпия сөздерді жазып алып, оларды компьютерден алыс қауіпсіз жерге сақтаңыз. ● Құпиясөздерді компьютердегі файлда сақтамаңыз. Əдетте қолданылатын құпия сөздер тізімі келесі кестелерде беріледі жəне олардың функциялары сипатталады.
BIOS əкімші құпия сөзін басқару Осы құпия сөзді орнату, өзгерту немесе жою үшін төменде берілген қадамдарды орындаңыз: 1. Computer Setup утилитасын компьютерді қосу немесе қайта бастау арқылы ашыңыз. Экранның төменгі сол бұрышында «Press the ESC key for Startup Menu» (Қосылу мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз) хабары көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басыңыз. Іске қосу мəзірі көрсетіліп тұрған кезде, f10 пернесін басыңыз. 2.
● Пайдаланушы құпия сөзі мен басты құпия сөз бірдей бола алады. ● Пайдаланушы құпия сөзін немесе басты құпия сөзді DriveLock қорғау мүмкіндігін қатты дискіден алып тастау арқылы жоюға болады. DriveLock қорғау мүмкіндігін қатты дискіден басты құпия сөзбен бірге ғана жоюға болады. DriveLock құпия сөзін басқару Computer Setup утилитасында DriveLock құпия сөзін орнату, өзгерту немесе жою үшін төменде берілген қадамдарды орындаңыз: 1.
Автоматты DriveLock құпия сөзін басқару Computer Setup утилитасында автоматты DriveLock құпия сөзі мүмкіндігін қосу немесе жою үшін төменде берілген қадамдарды орындаңыз: 1. Компьютерді қосыңыз немесе өшіріп, қайта іске қосыңыз жəне экранның төменгі жағында «Press the ESC key for Startup Menu» (Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз) хабары көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басыңыз. 2. Computer Setup утилитасына кіру үшін f10 пернесін басыңыз. 3.
Қосымша қауіпсіздік кабелін орнату ЕСКЕРІМ: Қауіпсіздік кабелі сақтандырғыш құрал ретінде əрекет ету үшін жасалған, бірақ ол компьютерге күтімсіз қараудан немесе оны ұрланудан қорғай алмауы мүмкін. ЕСКЕРІМ: Компьютердегі қауіпсіздік кабелінің ұясы мен осы бөлімдегі суретте көрсетілген кабель ұясы əртүрлі болуы мүмкін. Компьютердегі қауіпсіздік кабелі ұясының орналасқан орнын анықтау үшін Компьютермен танысу 4-бетте бөлімін қараңыз. 1. Қауіпсіздік кабелімен қауіпсізденетін нысанды айналдыра ораңыз. 2.
3. Сол жақ аймақта Оборудование (Жабдық) тармағын, одан кейін оң жақ аймақта Устройство считывания отпечатков пальцев (Саусақ ізін оқу құрылғысы) тармағын таңдаңыз. 4. Использовать устройство считывания отпечатков пальцев (Саусақ ізін оқу құрылғысын пайдалану) құсбелгісін қойыңыз. ЕСКЕРІМ: Саусағыңыздың ізін тіркеу үшін, пайдаланушыларды басқару утилитасын ашу қажет.
11 Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру Жүйе ақаулығынан кейін жүйені қалпына келтіру жəне жақын арада жасалған сақтық көшірме бірдей нəтиже береді. Жаңа бағдарлама жəне деректер файлдары қосылғаннан кейін ең соңғы сақтық көшірменің жасалуын қамтамасыз ету үшін жүйенің сақтық көшірмесінің жүйелі түрде жасалып отыруын жалғастыру қажет. Компьютердің ішінде ақпаратты қорғауға жəне қажет болғанда шығарып алуға көмектесетін HP компаниясы ұсынған құралдар бар. Сақтық көшірмелер жасау 1.
ЕСКЕРІМ: Ақпараттың сақтық көшірмесін жасамас бұрын сақтық көшірме файлдары сақталатын орынды тағайындағаныңызға көз жеткізіңіз. 4. Сақтық көшірме жасауды бастау жəне сақтық көшірме жасау параметрлерін сақтау үшін, Сохранить и создать резервную копию (Сақтап, сақтық көшірме жасау) параметрін таңдаңыз. Сақтық көшірме файлдарын қалпына келтіру үшін 1.
ЕСКЕРІМ: Жүйе ақаулығы жағдайында, HP компаниясы HP зауыттық қалпына келтіру кескінін жасауды ұсынады. 1. Компьютер > Приложения (Қосымша қолданбалар) пəрмендерін таңдаңыз. 2. Сол жақ аймақта Инструменты (Құралдар) түймешігін жəне оң жақ аймақта Создание заводского рисунка НР (HP зауыттық кескінін жасау) түймешігін басыңыз. 3. Нұсқау берілгенде түбірлік құпия сөзді енгізіңіз. 4. HP_Recovery.iso file қолданбасының оң жағын басып, Brasero арқылы ашу пəрменін таңдаңыз. 5.
12 Computer Setup (BIOS) жəне Advanced System Diagnostics Computer Setup немесе BIOS (Basic Input/Output System) жүйедегі бүкіл кіріс жəне шығыс құрылғыларының (мысалы, диск жетектері, монитор, пернетақта, тінтуір жəне принтер) арасындағы байланысты басқарады. Computer Setup ішінде орнатылған құрылғылардың параметрлері, компьютердің жүктелу реті жəне жүйе мен кеңейтілген жадтың көлемі қамтылған. ЕСКЕРІМ: Computer Setup құралына өзгертулер енгізу кезінде сақ болыңыз.
Computer Setup мəзірлерінен шығу үшін, төмендегі əдістердің біреуін пайдаланыңыз: ● Өзгертулерді сақтамай, Computer Setup утилитасынан шығу үшін, экранның төменгі сол жақ бұрышында орналасқан Exit (Шығу) белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. – немесе – tab пернесінің жəне көрсеткі пернелердің көмегімен Меню (мəзір) > Игнорировать изменения и выйти (Өзгертулерді елемеу жəне шығу) пəрменін таңдаңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз.
BIOS нұсқасын жаңарту BIOS жүйесінің жаңартылған нұсқалары HP веб-торабында болуы мүмкін. BIOS жүйесінің жаңарту файлдарының көбі HP веб-торабында SoftPaq деп аталатын қысылған файлдарына салынған. Кейбір жүктелетін бумалардың құрамында файлды орнату жəне ақаулықтарды жою туралы ақпаратты қамтитын Readme.txt файлы бар.
BIOS жаңартуын жүктеп алу ЕСКЕРТУ: Компьютерге зақым келтірмеу немесе сəтсіз орнатуды болдырмау үшін BIOS жаңарту файлын компьютер айнымалы ток адаптері арқылы сенімді сыртқы қуат көзіне қосылған кезде ғана жүктеп алыңыз жəне орнатыңыз. Компьютер батарея қуатымен жұмыс істеп тұрғанда, қосымша жалғау құрылғысына жалғанғанда немесе қосымша қуат көзіне қосулы болғанда, BIOS жаңартуын жүктеп алмаңыз немесе орнатпаңыз.
● Батарея сынағы — бұл сынақ батареяның жағдайын анықтап, қажет болса, оның дəлдігін реттейді. Батарея сынақтан өтпесе, қолдау қызметіне мəселені хабарлап, басқа батарея сатып алыңыз. ● System Tune-Up (Жүйенің қызметін дұрыстау) — бұл қосымша сынақтар тобы компьютердегі негізгі бөліктердің дұрыс жұмыс атқарып тұрғанын тексереді.
13 MultiBoot Жүктеу құрылғыларының реті туралы Компьютер басталғанда, амалдық жүйе жүктеу құрылғыларынан жүктеуге кіріседі. Зауытта қосылған MultiBoot утилитасы амалдық жүйенің жүктеу құрылғысын таңдау ретін басқарады. Жүктеу құрылғыларының тізіміне оптикалық диск жетектері, дискет жетектері, желілік интерфейс картасы (NIC), қатты дискілер жəне USB құрылғылары кіреді. Жүктеу құрылғыларында компьютерді бастау жəне дұрыс жұмыс атқаруға қажет жүктелетін медиа немесе файлдар бар.
а Ақаулықтарды жою жəне қолдау көрсету Төмендегі бөлімдер осы қосымша тарауда қамтылған: ● Ақаулықтарды жою ● Тұтынушыларға қолдау көрсету қызметімен байланысу ● Жапсырмалар Ақаулықтарды жою Төмендегі бөлімдер бірнеше жалпы мəселелер мен шешімдерді сипаттайды.
Бағдарламалық құрал дұрыс жұмыс істемей отыр Егер бағдарламалық құрал жауап бермесе немесе дұрыс жауап бермесе, Компьютер > Завершение работы (Өшіру) > Перезапуск (Қайта қосу) пəрмендерін таңдап, компьютерді қайта іске қосыңыз. Егер осы іс реті арқылы компьютерді қайта бастау мүмкін болмаса, Компьютер қосылған, бірақ жауап бермей отыр 75-бетте атты келесі бөлімді қараңыз.
Сымсыз желі байланысы жұмыс істемейді Егер сымсыз желі байланысы ойдағыдай жұмыс істемесе, төмендегі қадамдарды орындаңыз: ● Сымсыз немесе сымды желілік құрылғыны қосу немесе ажырату үшін, тапсырма тақтасының оң жақ шетінде орналасқан хабарландыру аймағындағы Сетевое соединение (Желілік қосылыс) белгішесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басыңыз. Құрылғыларды қосу үшін мəзір параметріне құсбелгі қойыңыз. Құрылғыны ажырату үшін құсбелгі алып тастаңыз. ● Сымсыз құрылғының қосылғанын тексеріңіз.
Фильм сыртқы дисплейде көрінбейді 1. Егер компьютердің өз дисплейі де, сыртқы дисплей де қосылып тұрса, екеуінің арасында ауысып отыру үшін, fn+f4 пернесін бір немесе бірнеше рет басыңыз. 2. Сыртқы дисплейді бастапқы ету үшін, монитор параметрлерін мына жолмен реттеңіз: а. Компьютердің жұмыс үстелінің бос аймағында тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Разрешение экрана (Экран ажыратымдылығы) параметрін таңдаңыз. ə. Негізгі дисплей мен қосалқы дисплейді көрсетіңіз.
Бөлік (1) Өнім атауы (2) Сериялық нөмір (3) Өнім нөмірі (4) Кепілдік күшінің мерзімі (5) Үлгі сипаттамасы (тек таңдаулы үлгілерде) Бөлік 78 (1) Кепілдік күшінің мерзімі (2) Модель нөмірі (3) Сериялық нөмір (4) Өнім нөмірі ● Техникалық деректер жапсырмасы(лары) — компьютер туралы техникалық ақпаратты береді.
ə Компьютерді тазалау ● тазалау заттары ● Тазалау іс рəсімдері тазалау заттары Компьютеріңізді қауіпсіз тазалау жəне зарарсыздандыру үшін мына заттарды пайдаланыңыз: ● Диметилбензил аммоний хлориді, ең үлкен концентрациясы 0,3 пайыз (Мысалы: бір рет қолданылатын бактерицидтік майлықтар. Бұл майлықтардың сан алуан түрі бар.
Құрылғының жақтары мен қақпағын тазалау Құрылғының жақтары мен қақпағын тазалау жəне зарарсыздандыру үшін, бұрын аталған тазалау сұйықтықтардың біреуіне суланған жұмсақ микроталшық матаны, күдеріні немесе бір рет пайдаланылатын антисептикалық майлықты пайдаланыңыз. ЕСКЕРІМ: Компьютердің қақпағынан кір жəне қалдықтарды тазалау кезінде шеңбер бойынша жылжытыңыз.
б Техникалық сипаттамасы Төмендегі бөлімдер осы қосымша тарауда қамтылған: ● Тұтынылатын қуат ● Жұмыс ортасы Тұтынылатын қуат Егер сіз компьютерді алып, халықаралық саяхат жасауды жоспарласаңыз, осы бөлімде берілген қуат туралы ақпарат пайдалы болуы мүмкін. Компьютер айнымалы немесе тұрақты ток көзінен келетін тұрақты ток арқылы жұмыс істейді. Айнымалы ток көзі 100–240 В, 50–60 Гц шамасында болуы керек.
82 Пайдалануға болатын -15 м мен 3048 м арасында -50 фут пен 10000 фут арасында Жұмыссыз режимде -15 м мен 12192 м арасында -50 мен 40000 фут арасында Қосымша б Техникалық сипаттамасы
в Электростатикалық разряд Электростатикалық ток соғу — екі зат қатынасқа түскен кезде статикалық электр тогының соғуы, мысалы, кілем үстінде тұрып есіктің темір тұтқасын ұстағаннан болатын ток соғу. Саусақтар немесе басқа электростатикалық разряд өткізгіштерінен шығатын статикалық электр қуатының разряды электрондық бөліктерге зақым келтіруі мүмкін.
Индекс А Айнымалы ток адаптері/батарея шамы 9 ақаулықтарды жою дискіні ойнату 76 ақаулықтарды жою, сыртқы дисплей 77 амалдық жүйе 34 амалдық жүйе, орнатылған құпия сөздер 59 аудио кіріс (микрофон) ұясы, анықтау 10 аудио мүмкіндіктері 30 аудио функциялары, тексеру 31 аудио функцияларын тексеру 31 аудио шығыс (гарнитура) ұясы, анықтау 10 Ə əрекет пернелері, анықтау 22 əрекеттер пернелері дыбыс деңгейі 30 əуежай қауіпсіздік құрылғылары 45 Б батарея батареяның төмен деңгейлері 40 зарядтау 38 қуат 36 қуатты үнем
К кабельдер LAN 20 USB 53 кедергіні азайту желілік кабель 20 компьютерді өшіру 34 компьютерді сапарға алып шығу 41, 78 компьютерді тазалау 79 компьютердің параметрлерін қалпына келтіру 67 концентраторлар 52 корпоративтік WLAN қосылысы 17 көрсетілетін кескін, ауыстырып көрсету 22 Күту қосу 35 шығу 35 Қ қалпына келтіру 65 қатты диск HP 3D DriveGuard 49 орнату 49 сыртқы 54 шығарып алу 48 қатты диск, анықтау 13, 14 қатты диск шамдары 9 қатты диск шамы 50 қауіпсіздік, сымсыз 19 қауіпсіздік кабелі 63 қауіпсіздік
сымсыз куəландыру белгісі 78 сымсыз құрылғылар, түрлері 16 сыртқы VGA монитор порты 11 сыртқы диск 54 сыртқы құрылғылар 53 сыртқы монитор порты 32 Т температура 41 тұтынылатын қуат 81 түймешіктер дыбыс деңгейі 30 дыбысты өшіру 7 қуат 6 меңзегіш таяқшаның оң жағы 4 меңзегіш таяқшаның сол жағы 4 сенсорлы тақтаның оң жағы 4 сенсорлы тақтаның сол жағы 4 сымсыз байланыс 6 тінтуір, сыртқы таңдаулы параметрлерді орнату 29 Ұ Ұйқы қосу 35 өте төмен батарея деңгейі кезінде қосылады 40 шығу 35 ұялар RJ-45 (желі) 10 ау
V VGA порты, жалғау 32 W WLAN антенналары, анықтау 12 WLAN жапсырмасы 78 WLAN желісіне қосылу 17 WLAN жүйесін орнату 19 WLAN құрылғысы 78 Индекс 87