User Guide - Linux

ЕСКЕРІМ: HP компаниясы WPA2 таңдауды ұсынады, себебі бұлүш шифрлау
протоколының ең дамығаны. WEP шифрлауын пайдалану ұсынылмайды, себебі оны оңай
шешуге болады.
WPA жəне WPA2 протоколдары желі арқылы тасымалданатын деректерді шифрлау жəне
шифрын ашу үшін қауіпсіздік параметрлерін қолданады. WPA протоколы да, WPA2
протоколы да динамикалық түрде əр бума үшін жаңа кілт жасайды, сондай-ақ желідегі əр
компьютер үшін əртүрлі кілт жинақтарын жасайды. Бұны орындау үшін
WPA протоколы AES (Advanced Encryption Standard) стандартын жəне TKIP (Temporal
Key Integrity Protocol) протоколын пайдаланады.
WPA2 протоколы жаңа AES протоколы болатын CCMP (Cipher Block Chaining Message
Authentication Code Protocol)
протоколын пайдаланады.
WEP протоколы тасымалдамас бұрын деректерді WEP кілтімен шифрлайды. Дұрыс кілтсіз
басқа адамдар WLAN желісін қолдана алмайды.
Басқа желіге роуминг
Егер компьютерді басқа WLAN желісінің ауқымына жылжытсаңыз, амалдық жүйе сол желіге
қосылуға əрекет жасайды. Əрекет сəтті болса, компьютер автоматты түрде жаңа желіге
қосылады. Егер амалдық жүйе жаңа желіні танымаса, WLAN желісіне қосылу үшін бастапқы
жасаған рəсімді орындаңыз.
Bluetooth сымсыз құрылғыларын пайдалану (тек
таңдаулы үлгілерде)
Bluetooth құрылғысы əдетте мына электрондық құрылғыларды байланыстыратын физикалық
кабель қосылымдарын ауыстыратын қысқа ауқымды сымсыз байланыстарды қамтамасыз
етеді.
Компьютерлер
Телефондар
Аудио құрылғылар
Компьютер мен сымсыз құрылғылар арасында деректер беруді қадамдастыру Bluetooth қуаты
болып табылады. Екі немесе одан да көп компьютер Bluetooth арқылы Интернетті ортақ
пайдалану кезінде үздіксіз қосыла алмайды; бұл Bluetooth жəне амалдық жүйенің шектеуі
болып табылады.
Bluetooth
құрылғысы Bluetooth құрылғыларының дербес желісін орнатуға мүмкіндік беретін тең
дəрежелі мүмкіндікті қамтамасыз етеді. Bluetooth құрылғыларының параметрлерін реттеу жəне
оларды пайдалану туралы ақпаратты Bluetooth бағдарламалық құралының Help (Анықтама)
бөлімінен қараңыз.
Сымды желіге қосылу
Жергілікті желіге (LAN) қосылу (тек таңдаулы үлгілерде)
Жергілікті желіге (LAN) қосылу 8-істікшелі, RJ-45 желілік кабелін (бөлек сатылады) талап етеді.
Егер желі кабелінде ТД жəне радио толқындарының бөгеуілдерін болдырмайтын құрал (1) бар
болса, кабельдің (2) бұл құрал орналасқан ұшын компьютерге қарай орналастырыңыз.
20 Бап 3 Желі байланысын орнату