User Guide - Linux
4 Пернетақта мен меңзегіш
құрылғылар
Пернетақтаны пайдалану
Үстіңгі жолдағы пернелерді анықтау
Пернелер тіркесімі — fn пернесі мен esc пернесінің немесе функционалдық пернелердің
біреуінің тіркесімі.
ЕСКЕРІМ: Жылдам пернелердің орналасқан жерлері туралы ақпаратты Компьютермен
танысу 4-бетте бөлімінен қараңыз.
Пернелер тіркесімін пайдалану:
▲
fn пернесін аз уақыт басып, жылдам пернелер тіркесімінің екінші пернесін аз уақыт
басыңыз.
жылдам пернелер
тіркесімі
Сипаттама
fn+f3 Ұйқылық күйді қосады, бұл ақпаратыңызды жүйелік жадқа сақтайды. Дисплей жəне жүйенің
басқа бөліктері өшеді, ал қуат үнемделеді.
Ұйқы күйінен шығу үшін, қуат түймешігін басып қалыңыз.
ЕСКЕРТУ: Ақпаратты жоғалтпау үшін, ұйқылық күйді қоспас бұрын жұмысты сақтаңыз.
fn+f4 Жүйеге қосылған дисплейлердің арасында экран кескінін ауыстырып көрсетеді. Мысалы, егер
монитор компьютерге қосылған болса, fn+f4 пернелер тіркесімі экран бейнесін компьютер
дисплейінен монитор дисплейіне ауыстырып, компьютер мен монитордың екеуінде көрсетеді.
Сыртқы мониторлардың басым бөлігі компьютерден бейне ақпаратын сыртқы VGA бейне
стандарты арқылы қабылдайды. fn+f4 пернелер тіркесімі компьютерден бейне ақпарат алатын
басқа
құрылғылардағы бейнелерді де ауыстыруы мүмкін.
fn+f6 Үндеткіш дыбысын төмендетеді.
fn+f7 Үндеткіш дыбысын жоғарылатады.
fn+f8 Микрофонды үнсіздендіреді.
fn+f9 Экран жарықтығының деңгейін төмендетеді.
22 Бап 4 Пернетақта мен меңзегіш құрылғылар