User Guide - Linux

Айналдыру (тек таңдаулы үлгілерде)
Айналдыру мүмкіндігі фотосурет сияқты элементтерді бұруға мүмкіндік береді.
Нысанға меңзерді апарыңыз жəне сол сұқ саусақты сенсорлы тақта аймағында тіреңіз. Оң
сұқ саусақты сағат тілімен 90 градус жүргізіңіз. Кері айналдыру үшін, сұқ саусағыңызды
сағат тіліне қарсы 90 градус жүргізіңіз.
ЕСКЕРІМ: Айналдыру қимылы нысан немесе кескінді жылжытуға болатын арнайы
бағдарламаларға арналған. Бұл қимыл барлық бағдарламаларда жұмыс істемеуі мүмкін.
Меңзегіш құрылғылар параметрлерін орнату
Түймешік теңшелімі, басу жылдамдығы мен меңзер параметрлерін жəне басқа құрылғылар
параметрлерін өзгерту үшін мына əрекеттер орындаңыз:
1. Компьютер > Центр управления (Басқару орталығы) пəрмендерін таңдаңыз.
2. Сол жақ аймақта Оборудование (Жабдық) тармағын, одан кейін оң жақ аймақта Мышь
(Тінтуір) тармағын таңдаңыз.
Меңзегіш таяқшаны пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
Меңзегіш таяқшаны көрсеткіні экранда жылжытқыңыз келген бағытта басыңыз. Тінтуірдегі оң
жəне сол жақ түймешіктер сияқты, меңзегіш таяқшаның оң жəне сол жақ түймешіктерін
пайдаланыңыз.
Сенсорлы тақтаны қолдану 29