User Guide - Linux
VGA
Сыртқы монитор порты немесе VGA порты аналогтық дисплей интерфейсі болып табылады, ол
сыртқы VGA мониторы сияқты VGA дисплей құрылғысын немесе VGA проекторын компьютерге
қосады.
▲
VGA дисплей құрылғысын қосу үшін, құрылғы кабелін сыртқы монитор портына жалғаңыз.
Компьютерге жалғанған дисплейлер арасында кескінді ауыстырып көрсету үшін fn+f4
пернелерін басыңыз.
ЕСКЕРІМ: fn+f4 пернелер тіркесімін басу параметрлер арасында ауысуға мүмкіндік
береді. Ноутбкі панелінің немесе сыртқы мониторлардың біреуінің тіркесімімен ноутбук
пенелі, сыртқы дисплей арасында ауыса аласыз. Сондай-ақ, сыртқы мониторларды
DisplayPort жəне VGA порттарына тіркей аласыз, бірақ бір уақытта тек бір сыртқы дисплей
белсенді болады.
Егер сыртқы монитор fn+f4 пернелері басылғаннан кейін анықталмаған болса, төмендегі
қадамдарды орындаңыз:
1. Хабарландыру аймағындағы тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан Gnome
Display Applet (Gnome бейнелеу бағдарламасы) белгішесін басыңыз.
2. Configure Display Settings (Дисплей параметрлерін реттеу) пəрменін таңдаңыз.
3. Detect Monitors (Мониторларды тану) құсбелгісін қойыңыз.
4. Дисплей орналасуының оң жағындағы Қосу түймешігін басыңыз. Егер əдепкі монитор
анықталмаса, сыртқы
монитор сипаттамаларын пайдаланып ажыратымдылық пен жаңарту
деңгейін орнатыңыз. Қажет болса бұрылысты өзгертіңіз. Егер дисплей айнаны орнатуды
талап етсе, Айна экрандары құсбелгісін қойыңыз.
ЕСКЕРІМ: Сыртқы мониторды альбомдық режимге өзгерту үшін По умолчанию (Əдепкі)
параметрін таңдаңыз.
5. Применить (Қолдану) түймешігін басыңыз.
6. Закрыть (Жабу) пəрменін таңдаңыз.
32 Бап 5 Мультимедиа