User Guide - Linux
ЕСКЕРТУ: Компьютердің жалғыз қуат көзі болып табылатын батареяны шығарып алу
ақпараттың жоғалуын тудыруы мүмкін. Ақпараттың жоғалуына жол бермеу үшін, батареяны
шығарып алмас бұрын, жұмысыңызды сақтап, компьютерді Windows жүйесі арқылы өшіріп
тастаңыз.
1. Компьютерді төңкеріп, батарея ұясы өзіңізге қараған күйде тегіс бетке қойыңыз.
2. Қызмет көрсетуге арналған есікті алыңыз (
Қызмет көрсетуге арналған есікті алу 46-бетте
бөлімін қараңыз).
3. Батареяны босату ысырмасын сырғытыңыз да (1), батареяны көтеріп алыңыз (2).
4. Батареяны компьютерден (3) шығарып алыңыз.
Батареяны зарядтау
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ұшақ бортында болғанда компьютер батареясын зарядтамаңыз.
Батарея компьютер сыртқы ток көзіне айнымалы ток адаптері немесе қосымша қуат адаптері
арқылы жалғанған кездегі барлық жағдайда зарядталады.
Компьютер өшірілген болса да не қолданыста болса да батарея зарядталады, бірақ компьютер
өшірілген кезде ол тез зарядталады.
Батарея жаңа болғанда, 2 немесе одан да көп апта бойына қолданылмағанда немесе бөлме
температурасынан жылырақ не салқынырақ болғанда,
зарядталу ұзағырақ уақыт алуы мүмкін.
38 Бап 6 Қуатты басқару