User Guide - Linux
Қызмет көрсетуге арналған есікті орнына салу
Батарея, жад модулі ұясы, қатты диск, техникалық деректер жапсырмасы мен басқа бөліктерге
кіргеннен кейін қызмет көрсетуге арналған есікті орнына орналастырыңыз.
1. Қызмет көрсетуге арналған есікті оның алдыңғы жиегін компьютердің (1) алдыңғы жиегімен
туралайтындай етіп төмен еңкейтіңіз.
2. Қызмет көрсетуге арналған есіктің артқы жиегіндегі туралау ілгектерін (2) компьютердегі
кетіктерге енгізіңіз.
3. Қызмет көрсетуге арналған есік
орнында отырғанша оны батарея ұясына қарай
сырғытыңыз.
4. Батарея ұясын өзіңізге қаратып, қызмет көрсетуге арналған есікті босату ысырмасын сол
жаққа сырғытыңыз (3) жəне қажет болса, қызмет көрсетуге арналған есікті орнында бекіту
үшін қосымша бұранданы (4) орнына салып, бұрап қатайтыңыз. Қызмет көрсетуге
арналған есікті (5) орнында бекіту үшін, босату ысырмасын оң жаққа сырғытыңыз.
ЕСКЕРІМ: Егер қосымша бұранданы пайдаланғыңыз келмесе, оны қызмет көрсетуге
арналған есіктің астында сақтай аласыз.
Қызмет көрсетуге арналған есікті алу немесе қайта қою 47