User Guide - Linux

Қатты дискіні орнату
ЕСКЕРІМ: Компьютеріңіз осы бөлімде көрсетілгеннен аздап басқаша көрінуі мүмкін.
Қатты дискіні орнату үшін
1. Қатты дискіні бұрышта (1) оның ұясына салып, одан кейін қатты дискіні оның ұясында (2)
тегіс орналастырыңыз.
2. Қатты дискіні қосқышқа жалғау үшін, пластмасса кесіндісін (3) компьютердің ортасына
қарай тартыңыз.
3. Қатты диск бұрандаларын бұрап қатайтыңыз (4).
4. Батареяны компьютерге салыңыз (Батареяны салу 37-бетте бөлімін қараңыз).
5. Қызмет көрсетуге арналған есікті орнына салыңыз (
Қызмет көрсетуге арналған есікті
орнына салу 47-бетте бөлімін қараңыз).
6. Компьютерге жалғанған айнымалы ток пен сыртқы құрылғыларды жалғаңыз.
7. Компьютерді қосыңыз.
HP 3D DriveGuard пайдалану
Төмендегі жағдайлардың біреуі орын алса, HP 3D DriveGuard бағдарламасы дискіні өшіру жəне
дерек сұрауларын тоқтату арқылы қатты дискіні қорғайды.
Сіз компьютеріңізді құлатып алдыңыз.
Батарея қуатынан қосылып тұрған компьютерді оның дисплейі жабулы күйінде
жылжытасыз.
Бұл оқиғалардың біреуі аяқталғаннан кейінгі қысқа мерзімде HP 3D DriveGuard қатты дискіні
қалыпты жұмыс жағдайына қайтарады.
HP 3D DriveGuard пайдалану 49