User Guide - Linux

ЕСКЕРІМ: Қатты күйдегі диск жетектерінің (SSDs) қозғалмалы бөлшектері болмағандықтан,
HP 3D DriveGuard қажет емес.
ЕСКЕРІМ: Бастапқы қатты диск ұясындағы немесе қосымша ұясындағы қатты дискілер HP 3D
DriveGuard арқылы қорғалады. Қосымша қондыру құрылғысына орнатылған немесе USB
портына қосылған қатты диск HP 3D DriveGuard арқылы қорғалмайды.
Қосымша ақпаратты HP 3D DriveGuard бағдарламалық құралының анықтамасынан қараңыз.
HP 3D DriveGuard күйін анықтау
Компьютердегі қатты диск шамы бастапқы қатты диск ұясындағы жəне/немесе қосымша қатты
диск ұясындағы (тек таңдаулы үлгілерде) дискінің қауіпсіз орнатылғанын көрсету үшін түсін
өзгертеді. Дискінің қазіргі уақытта қорғалып тұрғанын немесе дискінің қауіпсіз позицияға
орнатылғанын анықтау үшін, жұмыс үстелінің тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде
орналасқан хабарландыру аймағындағы белгішені басыңыз.
50 Бап 7 Дискілер