User Guide - Linux
8 Сыртқы карталар жəне құрылғылар
Жад карталарын оқу құралын пайдалану
Қосымша жад карталары деректерді қауіпсіз сақтау мен оларды ыңғайлы түрде ортақ
пайдалану мүмкіндігін береді. Бұл карталар əдетте сандық медиамен жабдықталған
камераларда, қалта компьютерлерінде жəне басқа да компьютерлерде қолданылады.
Компьютеріңіз қолдау көрсететін сандық жад карталарының пішімдерін анықтау үшін,
Компьютермен танысу 4-бетте бөлімін қараңыз.
Жад картасын енгізу
ЕСКЕРТУ: Жад карта қосқыштарының зақымдануын болдырмау үшін, жад картасын күштеп
енгізбеңіз.
1. Сандық картаны ұстағанда, жапсырмасын жоғары, ал оның қосқыштарын компьютерге
қаратыңыз.
2. Картаны жад картасын оқу құрылғысына салып, нық отырғанша үстінен басыңыз.
Жад картасын алу
ЕСКЕРТУ: Ақпараттың жоғалуына немесе жүйенің сигнал қабылдамайтын күйге кіруіне жол
бермеу мақсатында, жад картасын қауіпсіз шығарып алу үшін, төмендегі қадамдарды
орындаңыз.
Ақпаратты сақтап, жад картасымен байланысты барлық бағдарламаларды жабыңыз.
Жад картасын шығарып алу үшін
1. Файл шолғышын ашу үшін, Компьютер > Nautilus пəрмендерін таңдаңыз.
2. Файл шолғышының сол жақ аймағындағы Орындар тізіміндегі сандық карта атауының
қасында орналасқан Извлечь (Шығарып алу) белгішесін нұқыңыз.
ЕСКЕРІМ: Құрылғыны шығарып алу қауіпсіз екендігі ескертіледі.
Жад карталарын оқу құралын пайдалану 51