User Guide - Linux

3. Сандық картаны оның ұясынан шығарыңыз.
Смарт карталарды пайдалану (тек таңдаулы
үлгілерде)
ЕСКЕРІМ: Смарт карта термині осы тарауда смарт карталар мен Java
TM
карталарының екі
түрін білдіреді.
Смарт картажад пен микропроцессоры бар шағын схемалы несие картасы өлшеміндегі
қосалқы құрал. Дербес компьютерлер сияқты смарт карталардың кірісті жəне шығысты
басқаратын амалдық жүйелері, сондай-ақ оларды рұқсатсыз пайдаланудан қорғайтын
қауіпсіздік мүмкіндіктері бар.
Өндірістік стандартты смарт карталар карта оқитын құралдармен бірге пайдаланылады.
PIN коды микрочип мазмұнына кіру рұқсатын алуға керек. Смарт карталардың қауіпсіздік
мүмкіндіктері туралы қосымша ақпаратты Анықтама жəне қолдау бөлімінен қараңыз.
Смарт картаны енгізу
1. Жапсырмасы бар карта жағын жоғары қаратып, карта нық отырғанша оны смарт карта оқу
құралына жайлап салыңыз.
2. Компьютерге смарт картаның PIN коды арқылы кіру жөніндегі экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
Смарт картаны шығарып алу
Смарт картаның шеттерінен ұстап, оны смарт карта оқу құралынан сыртқа шығарыңыз.
USB құрылғысын пайдалану
Əмбебап сериалды шина (USB) USB пернетақтасы, тінтуір, драйвер, принтер, сканер немесе
концентратор сияқты қосымша сыртқы құрылғыны қосуға қолданылатын жабдықтың
интерфейсі болып табылады.
Кейбір USB құрылғылары əдетте құрылғымен қоса берілетін қосымша қолдау бағдарламалық
құралын қажет етуі мүмкін. Құрылғыға арналған бағдарламалық құрал туралы қосымша
ақпаратты өндірушінің нұсқауларынан қараңыз.
Компьютерде USB 1.0, 1.1, 2.0 немесе 3.0 құрылғыларымен жұмыс істейтін кем дегенде 1 USB
порты бар. Сонымен
қатар, сыртқы құрылғыға қуат беретін USB зарядтау порты
компьютеріңізде болуы мүмкін. Қосымша USB қондыру құрылғысы немесе USB концентраторы
компьютермен пайдалануға болатын қосымша USB порттарымен қамтамасыз етеді.
52 Бап 8 Сыртқы карталар жəне құрылғылар