User Guide - Linux
USB құрылғысын жалғау
ЕСКЕРТУ: USB қосқышын зақымдамау үшін, USB құрылғысын күштеп жалғамаңыз.
ЕСКЕРІМ: Компьютердің көрінісі USB порты осы бөлімдегі суреттегіден сəл өзгешелеу болуы
мүмкін.
▲
USB құрылғысын компьютерге жалғау үшін, құрылғының USB кабелін USB портына
қосыңыз.
ЕСКЕРІМ: USB жад құрылғысы қосылған кезде жүйенің құрылғыны танытқанын көрсету үшін
хабарландыру аймағында хабарлама көрсетілуі мүмкін.
USB құрылғысын ажырату
ЕСКЕРТУ: USB қосқышының зақымдалуын болдырмау үшін, USB құрылғысын ажырату
мақсатында кабельден тартпаңыз.
ЕСКЕРТУ: Мəліметтердің жоғалуын немесе жауапсыз жүйені болдырмау үшін, USB
құрылғысын қауіпсіз ажырату үшін, келесі іс рəсімін пайдаланыңыз.
USB құрылғысын ажырату үшін
1. Файл шолғышын ашу үшін, Компьютер > Nautilus пəрмендерін таңдаңыз.
2. Файл шолғышының сол жақ аймағындағы Орындар тізіміндегі құрылғы атауының қасында
орналасқан Шығару белгішесін нұқыңыз.
3. Құрылғыны ажыратыңыз.
Қосымша сыртқы құрылғыларды пайдалану
ЕСКЕРІМ: Керекті бағдарламалық құрал мен диск жетектері туралы ақпарат алу үшін немесе
компьютердің қолданылатын портын білу үшін өндіруші нұсқауларын қараңыз.
Сыртқы құрылғыны компьютерге қосу үшін
Қосымша сыртқы құрылғыларды пайдалану 53