User Guide - Linux
ЕСКЕРІМ: Ақпараттың сақтық көшірмесін жасамас бұрын сақтық көшірме файлдары
сақталатын орынды тағайындағаныңызға көз жеткізіңіз.
4. Сақтық көшірме жасауды бастау жəне сақтық көшірме жасау параметрлерін сақтау үшін,
Сохранить и создать резервную копию (Сақтап, сақтық көшірме жасау) параметрін
таңдаңыз.
Сақтық көшірме файлдарын қалпына келтіру үшін
1. Компьютер > Приложения (Қосымша бағдарламалар)> Средства (Құралдар) > Backup
Manager Restore (Сақтық көшірме жасау реттегішінің қалпына келтіру мүмкіндігі)
тармақтарын таңдаңыз.
2. Сақтық көшірме көзі
мəзірін нұқып, сақтық көшірме файлдары сақталатын орынды
таңдаңыз.
3. Қалпына келтірілетін файды сақтау жолы мəзірін нұқып, файлдар қалпына келтірілетін
орынды таңдаңыз.
4. Таңдалған орыннан файлдардың бəрін қалпына келтіру үшін Восстановить все файлы
(Файлдардың бəрін қалпына келтіру) параметрін таңдаңыз. Таңдаулы файлдарды қалпына
келтіру үшін Восстановить выбранные файлы (Таңдалған файлдарды қалпына келтіру),
одан кейін Выбранные
файлы (Таңдаулы файлдар) пəрмендерін таңдап, қалпына
келтірілетін файлдарды нұқыңыз.
5. Точка восстановления (Қалпына келтіру нүктесі) пəрменінен сақтық көшірме жасау
уақыты мен күнін таңдаңыз.
ЕСКЕРІМ: Егер бірнеше сақтық көшірме жасалған болса, ең соңғы нұсқаға дейін қалпына
келтіру үшін Использовать последнюю версия (Ең соңғы нұсқаны пайдалану)
параметрін таңдаңыз.
6. Файлдарды қалпына келтіруді бастау үшін Restore (Қалпына келтіру) түймешігін немесе
əрекетті болдырмау үшін Cancel (Болдырмау) түймешігін басыңыз.
Жүйені қалпына келтіруді жүзеге асыру
Recovery (Қалпына келтіру) құралы компьютерді оның бастапқы зауыттық күйіне келтіруге
мүмкіндік береді. Орнатылған не сыртқы DVD±RW оптикалық дискісін немесе оптикалық дискіні
пайдаланып HP зауыттық кескінін жасай аласыз.
ЕСКЕРІМ: Компьютерде орнатылған оптикалық диск болмауы мүмкін. HP зауыттық кескінін
жасау үшін, сыртқы оптикалық дискісін қосу қажет болады.
ЕСКЕРТУ: Recovery (Қалпына келтіру) құралы қатты дискідегі мазмұнды толығымен жояды
да, қатты дискіні қайта пішімдейді. Жасалған барлық файлдар жəне компьютерде орнатылған
барлық бағдарламалар біржолата жойылады. Recovery (Қалпына келтіру) құралы бастапқыда
орнатылған амалдық жүйені, НР бағдарламаларын жəне зауытта орнатылған драйверлерді
қайта орнатады. НР компаниясы арқылы орнатылмаған бағдарламалар, драйверлер мен
жаңартулар қолмен қайта орнатылуы тиіс. Жеке файлдар
сақтық көшірмеден қалпына
келтірілуі тиіс.
Компьютерді НР зауыттық кескіні арқылы қалпына келтіру үшін, ең алдымен ISO қалпына
келтіру файлын жасап, оны оптикалық дискіге көшіру қажет.
66 Бап 11 Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру