User Guide - Linux
Computer Setup мəзірлерінен шығу үшін, төмендегі əдістердің біреуін пайдаланыңыз:
● Өзгертулерді сақтамай, Computer Setup утилитасынан шығу үшін, экранның төменгі сол
жақ бұрышында орналасқан Exit (Шығу) белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
– немесе –
tab пернесінің жəне көрсеткі пернелердің көмегімен Меню (мəзір) > Игнорировать
изменения и выйти (Өзгертулерді елемеу жəне шығу) пəрменін таңдаңыз, одан кейін
enter пернесін басыңыз.
– немесе
–
●
Өзгертулерді сақтап, Computer Setup мəзірлерінен шығу үшін, экранның төменгі сол жақ
бұрышында орналасқан Save (Сақтау) белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
– немесе –
Tab пернесінің жəне көрсеткі пернелердің көмегімен Меню (мəзір) > Сохранить
изменения и выйти (Өзгертулерді сақтап шығу) пəрменін таңдаңыз, одан кейін enter
пернесін басыңыз.
Өзгертулер компьютер қайта іске қосылған кезде күшіне енеді.
Computer Setup утилитасында зауыттық параметрлерді қалпына
келтіру
ЕСКЕРІМ: Əдепкі параметрлерді қалпына келтіру қатты диск режимін өзгертпейді.
Computer Setup ішіндегі бүкіл параметрлерді зауыттық мəндеріне қайтару үшін, төмендегі
қадамдарды орындаңыз:
1. Компьютерді қосыңыз немесе өшіріп, қайта іске қосыңыз жəне экранның төменгі жағында
«Press the ESC key for Startup Menu» (Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз)
хабары көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басыңыз.
2. Computer Setup утилитасына кіру үшін f10 пернесін басыңыз.
3. Меңзегіш құрылғы немесе көрсеткі пернелері көмегімен Меню (мəзір) > Восстановить
параметры по умолчанию (Əдепкі параметрлерді қалпына келтіру) тармақтарын
таңдаңыз.
4. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
5. Өзгертулерді сақтап шығу үшін, экранның төменгі сол жақ бұрышында орналасқан Save
(Сақтау) белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
– немесе –
Көрсеткі пернелерінің көмегімен Меню (мəзір) > Сохранить изменения и выйти
(Өзгертулерді сақтап шығу) пəрменін таңдап, enter пернесін басыңыз.
Өзгертулер компьютер
қайта іске қосылған кезде күшіне енеді.
ЕСКЕРІМ: Құпия сөз, қауіпсіздік жəне тіл параметрлері зауыттың əдепкі параметрлерін
сақтағанда өзгертілмейді.
Computer Setup пайдалану 69