User Guide - Linux
BIOS нұсқасын жаңарту
BIOS жүйесінің жаңартылған нұсқалары HP веб-торабында болуы мүмкін.
BIOS жүйесінің жаңарту файлдарының көбі HP веб-торабында SoftPaq деп аталатын қысылған
файлдарына салынған.
Кейбір жүктелетін бумалардың құрамында файлды орнату жəне ақаулықтарды жою туралы
ақпаратты қамтитын Readme.txt файлы бар.
BIOS нұсқасын анықтау
Қолданыстағы BIOS жаңартуларының компьютерде қазір орнатылғандарынан кейінірек BIOS
нұсқаларын қамтитын анықтау үшін, қазір орнатылған BIOS жүйесінің нұсқасын білу қажет.
BIOS нұсқасы туралы ақпаратты (сонымен қатар, ROM date (ROM күні) жəне System BIOS
(Жүйелік BIOS) деп аталатын ақпаратты) келесі жолмен экранға шығаруға болады.
1. Computer Setup (Компьютерді орнату) утилитасын бастаңыз.
2. Көрсеткі құрылғысы немесе көрсеткі пернелері көмегімен Меню (мəзір) > Системная
информация (
Жүйелік ақпарат) тармақтарын таңдаңыз.
3. Өзгертулерді сақтамай, Computer Setup утилитасынан шығу үшін, экранның төменгі сол
жақ бұрышында орналасқан Exit (Шығу) белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
– немесе –
tab пернесінің жəне көрсеткі пернелердің көмегімен Меню (мəзір) > Игнорировать
изменения и выйти (Өзгертулерді елемеу жəне шығу) пəрменін таңдаңыз, одан кейін
enter пернесін басыңыз.
ЕСКЕРІМ: Сонымен қатар, BIOS нұсқасын қарап шығу үшін, компьютерді қосыңыз немесе
өшіріп, қайта іске қосыңыз жəне экранның төменгі жағында «Press the ESC key for Startup
Menu» (Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз) хабары көрсетіліп тұрғанда, esc
пернесін, одан кейін f1 пернесін басыңыз. Утилитадан шығу үшін экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
70 Бап 12 Computer Setup (BIOS) жəне Advanced System Diagnostics