User Guide - Linux
●
Батарея сынағы — бұл сынақ батареяның жағдайын анықтап, қажет болса, оның дəлдігін
реттейді. Батарея сынақтан өтпесе, қолдау қызметіне мəселені хабарлап, басқа батарея
сатып алыңыз.
●
System Tune-Up (Жүйенің қызметін дұрыстау) — бұл қосымша сынақтар тобы
компьютердегі негізгі бөліктердің дұрыс жұмыс атқарып тұрғанын тексереді. System Tune-
Up (Жүйенің қызметін дұрыстау) құралдарының тексеру уақыты ұзағырақ, жад модульдері,
қатты дискінің SMART сипаттары,
қатты дискінің беті, батарея (жəне батареяның дəлдігін
реттеу), бейне жады мен WLAN модулі күйінің толық сынақтары орындалады.
Жүйе ақпараты мен қателер журналдарын Advanced System Diagnostics терезесінде қарап
шығуға болады.
Advanced System Diagnostics құралын бастау үшін
1. Компьютерді қосыңыз немесе қайта бастаңыз. Экранның төменгі сол бұрышында «Press
the ESC key for Startup Menu» (Қосылу мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз) хабары
көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басыңыз. Іске қосу
мəзірі көрсетілген кезде, f2 пернесін
басыңыз.
2. Орындалатын диагностикалық сынақты таңдаңыз жəне экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
ЕСКЕРІМ: Егер орындалып тұрған диагностикалық сынақты тоқтату қажет болса, esc пернесін
басыңыз.
72 Бап 12 Computer Setup (BIOS) жəне Advanced System Diagnostics