User Guide - Linux
Бағдарламалық құрал дұрыс жұмыс істемей отыр
Егер бағдарламалық құрал жауап бермесе немесе дұрыс жауап бермесе, Компьютер >
Завершение работы (Өшіру) > Перезапуск (Қайта қосу) пəрмендерін таңдап, компьютерді
қайта іске қосыңыз. Егер осы іс реті арқылы компьютерді қайта бастау мүмкін болмаса,
Компьютер қосылған, бірақ жауап бермей отыр 75-бетте атты келесі бөлімді қараңыз.
Компьютер қосылған, бірақ жауап бермей отыр
Егер компьютер қосылса, бірақ ол бағдарламаның немесе пернетақтаның пəрмендеріне жауап
бермесе, компьютер жұмысын аяқтамас бұрын төтенше түрде жұмыс аяқтауға арналған
төмендегі əрекеттерді орындаңыз:
ЕСКЕРТУ: Апаттық өшіру іс реті орындалғанда, сақталмаған ақпарат жойылып кетеді.
●
Қуат түймешігін кемінде 5 секунд басып тұрыңыз.
●
Компьютерді сыртқы қуат көзінен ажыратып, батареяны алып тастаңыз.
Компьютер əдеттен тыс қызып кетеді
Пайдалану барысында компьютерге қол тигізгенде оның жылы болуы қалыпты болып
табылады. Егер əдеттегіден тыс ыстық болса, желдеткіш саңылауы жабылып қалған болуы
мүмкін.
Егер компьютер қатты қызып кетті деп ойласаңыз, оны бөлме температурасына дейін суытып
алыңыз. Компьютерді пайдалану барысында барлық желдеткіштердің ашық тұрғандығын
тексеріңіз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Қызып кетумен байланысты зақымдарды немесе компьютердің қатты
қызып кету жағдайын азайту үшін компьютерді тізеңізге қоймаңыз немесе компьютердің ауа
желдеткішін бітемеңіз. Компьютерді тек қатты, тегіс беттің үстіне қойып пайдаланыңыз.
Қасында тұрған қосымша принтер сияқты қатты беттің немесе жастық, кілем немесе мата
сияқты жұмсақ беттің ауа ағынын бөгеуіне жол бермеңіз. Сонымен қатар,
жұмыс кезінде
айнымалы ток адаптерінің теріге немесе жастық, кілем немесе мата сияқты жұмсақ бетке
тимеуін қадағалаңыз. Компьютер жəне айнымалы ток адаптері Ақпараттық технология
жабдығы қауіпсіздігінің халықаралық стандарты (IEC 60950) арқылы белгіленетін
пайдаланушыға рұқсат етілген бет температурасына сай келеді.
ЕСКЕРІМ: Компьютердегі желдеткіш компьютердің ішкі бөліктерін салқындату жəне қызып
кетудің алдын алу үшін, автоматты түрде қосылады. Жұмыс барысында желдеткіштің қосылып-
өшірілуі қалыпты жағдай болып табылады.
Сыртқы құрылғы жұмыс істемейді
Егер сыртқы құрылғы ойдағыдай жұмыс істемесе, төмендегі əрекеттерді орындаңыз.
●
Құрылғыны өндірушінің нұсқауларына сəйкес қосыңыз.
●
Құрылғының барлық сымдары қауіпсіз жалғанып тұрғанын тексеріңіз.
● Құрылғыға электр қуатының келіп тұрғанын тексеріңіз.
●
Құрылғының, əсіресе, ескі нұсқа болса, амалдық жүйемен үйлесімдігін тексеріңіз.
●
Дұрыс жəне жаңартылған драйверлердің орнатылғанын тексеріңіз.
Ақаулықтарды жою 75