User Guide - Linux
Фильм сыртқы дисплейде көрінбейді
1. Егер компьютердің өз дисплейі де, сыртқы дисплей де қосылып тұрса, екеуінің арасында
ауысып отыру үшін, fn+f4 пернесін бір немесе бірнеше рет басыңыз.
2. Сыртқы дисплейді бастапқы ету үшін, монитор параметрлерін мына жолмен реттеңіз:
а. Компьютердің жұмыс үстелінің бос аймағында тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып,
Разрешение экрана (Экран ажыратымдылығы) параметрін таңдаңыз.
ə. Негізгі дисплей мен қосалқы дисплейді көрсетіңіз.
ЕСКЕРІМ: Дисплейдің екеуін қолданғанда, DVD дискісіндегі фильм қосалқы дисплей
ретінде тағайындалған дисплейден көрінбейді.
Тұтынушыларға қолдау көрсету қызметімен
байланысу
Егер осы нұсқаулықтағы ақпарат арқылы мəселе шешілмесе, НР компаниясының
тұтынушыларды қолдау қызметімен мына мекенжай бойынша байланысуға болады:
http://www.hp.com/go/contactHP
ЕСКЕРІМ: Бүкіл əлем бойынша қолдау алу үшін, беттің сол жағындағы Contact HP worldwide
(HP компаниясымен бүкіл əлем бойынша хабарласу) тармағын таңдаңыз немесе
http://welcome.hp.com/country/us/en/wwcontact_us.html торабына кіріңіз.
Бұл жерде сізде мынадай мүмкіндіктер болады:
●
НР компаниясының маманымен интернет арқылы чат сеансын жүргізу.
ЕСКЕРІМ: Техникалық қолдауды белгілі бір тілде алу мүмкін болмаса, оны ағылшын
тілінде пайдалануға болады.
●
HP тұтынушыларды қолдау орталығына электрондық хат жіберу.
●
HP компаниясының Тұтынушыларды қолдау орталығының дүниежүзілік телефон
нөмірлерін табу.
● HP компаниясының қызметтік орталығын табу.
Жапсырмалар
Компьютерге жапсырылған жапсырмалар жүйе ақаулықтарын жойғанда немесе компьютермен
шетелге саяхатқа шыққанда қажет болуы мүмкін:
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Осы бөлмеде сипатталған жапсырмалар компьютер үлгісіне
байланысты 3 орынның бірінде орналасады: компьютердің төменгі жағына жабыстырылған,
батарея орнында немесе сервистік есіктің астында орналасқан.
Бұл орындарды анықтау үшін Астыңғы жағы 13-бетте бөлімін қараңыз.
●
Қызмет көрсетуге арналған қақпақ компьютеріңізді анықтау үшін маңызды ақпаратты
қамтамасыз етеді. Қолдау қызметімен хабарласу кезінде, сериялық нөмір, өнім нөмірі
немесе модель нөмірі сұралуы мүмкін. Қолдау қызметімен хабарласпас бұрын, бұл
нөмірлерді табыңыз.
ЕСКЕРІМ: Сервистік жапсырмалар төменде көрсетілген мысалдардың біреуіне ұқсас
болады. Компьютердегі сервистік жапсырмаға ең ұқсас суретті қараңыз.
Тұтынушыларға қолдау көрсету қызметімен байланысу 77