User Guide - Linux
əКомпьютерді тазалау
● тазалау заттары
●
Тазалау іс рəсімдері
тазалау заттары
Компьютеріңізді қауіпсіз тазалау жəне зарарсыздандыру үшін мына заттарды пайдаланыңыз:
●
Диметилбензил аммоний хлориді, ең үлкен концентрациясы 0,3 пайыз (Мысалы: бір рет
қолданылатын бактерицидтік майлықтар. Бұл майлықтардың сан алуан түрі бар.)
●
Шыны тазалауға арналған спиртсіз сұйықтық
●
Жеңіл сабынды ерітінді қосылған су
●
Құрғақ талшықты тазалағыш мата немесе күдері (майсыз антистатикалық мата)
● Антистатикалық майлықтар
ЕСКЕРТУ: Мына тазалағыш заттарды пайдаланбаңыз:
Спирт, ацетон, аммоний хлориді, метиленхлорид сияқты қатты еріткіштер мен көмірсутектер;
олардан компьютердің бетіне қатты зақым келуі мүмкін.
Қағаз орамалдар сияқты талшықты материалдар компьютер бетін тырнап тастауы мүмкін.
Уақыт өткенде, кір жəне тазалағыш заттар сызаттарды бітеуі мүмкін.
Тазалау іс рəсімдері
Осы нұсқаулықта берілген нұсқауларды компьютер немесе планшеттік компьютерді қауіпсіз
тазалау үшін орындаңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ток ұру немесе жабдықтың зақымдалуын болдырмау үшін, токқа қосулы
компьютер немесе планшеттік компьютерді тазаламаңыз:
Компьютер немесе планшеттік компьютерді өшіріңіз.
Сыртқы қуат көзінен ажыратыңыз.
Токқа қосылатын сыртқы құрылғылардың барлығын ажыратыңыз.
ЕСКЕРТУ: Компьютер немесе планшеттік компьютердің бетіне тазарту заттары немесе
сұйықтықтарын тікелей шашпаңыз. Бетіне түскен сұйықтықтар ішкі бөліктердің зақым алуына
əкелуі мүмкін.
Дисплейді тазалау
Дисплейді спирті жоқ əйнек тазалағышқа суланған жұмсақ түксіз матамен абайлап сүртіңіз.
Дисплейді жаппас бұрын оның құрғақ болғандығына көз жеткізіңіз.
тазалау заттары 79