User Guide - Ubuntu
7
Компьютерге техникалық қызмет
көрсету
Бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту
НР компаниясы бағдарламалар мен драйверлерді жүйелі түрде соңғы нұсқалармен жаңартуды
ұсынады. Жаңартулар мәселелерді шешіп, компьютерге жаңа мүмкіндіктер мен опциялар қосуы
мүмкін. Технологиялар әрдайым жаңарып отырады, сондықтан, бағдарламалар мен дискілерді
жаңарту компьютерге ең соңғы технологиялармен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Мысалы,
ескі графикалық құрамдас бөліктер ең соңғы ойын ойнау бағдарламалық құралдарымен дұрыс
жұмыс істемеуі мүмкін. Ең соңғы диск нұсқасы болмаса, жабдықтың барлық мүмкіндіктерін
пайдалана алмайсыз
.
HP бағдарламалары мен дискілерінің ең соңғы нұсқаларын жүктеп алу үшін, http://www.hp.com/
support торабына өтіңіз. Бұған қоса, жаңартулардың бар екені туралы ескертулерді автоматты
түрде алу үшін тіркеліңіз.
Компьютер тегін автоматты Ubuntu жаңартуларын алатындай етіп орнату үшін
1. Үстіңгі тақтаның оң жақ шетіндегі Бұл компьютер туралы басыңыз. Компьютеріңіз үшін
қол жетімді жаңартуларды тексеру үшін Жаңартуларды орнату басыңыз.
2. Жаңа бағдарламалық құрал жаңартулары бар екенін тексеру үшін, Жанартулар
басқарушысы терезесінде Проверить (Тексеру) түймешігін басыңыз.
3. Орнатқыңыз келетін әр жаңартуға құсбелгіні қойыңыз және Установка обновлений
(Жаңартуларды орнату) түймешігін басыңыз.
4. Жаңартулар орнатылғаннан кейін, Закрыть (Жабу) түймешігін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Бағдарламалық құрал жаңартулары үшін параметрлерді өзгерту үшін,
Жанартулар басқарушысы терезесінің төменгі бөлігінде орналасқан Настройки
(Параметрлер) түймешігін басыңыз.
Компьютерді тазалау
Компьютеріңізді қауіпсіз тазалау үшін мына заттарды пайдаланыңыз:
●
Диметил бензиль аммоний хлориді ең көбі 0,3 пайыз концентрация (мысалы: бір рет
қолданылатын майлықтардың сан алуан түрі бар).
●
Құрамында спирті жоқ әйнек тазалағыш сұйықтық
●
Жеңіл сабынды ерітінді қосылған су
●
Құрғақ талшықты тазалағыш мата немесе күдері (майсыз антистатикалық мата)
●
Антистатикалық майлықтар
ЕСКЕРТУ: Компьютерді бір жолға зақымдауы мүмкін қатты тазартқыш еріткіштерді
пайдаланбаңыз. Тазалағыш заттың компьютер үшін қауіпсіз болғанына сенімді болмасаңыз,
спирт, ацетон, аммоний хлориді, метиленхлорид және көмірсутектер сияқты ингредиенттердің
өнім құрамында жоқ екенін тексеріңіз.
Бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту
37