User's Guide

Принтер жабдығының ақаулары
КЕҢЕС: Басып шығару, сканерлеу, көшіру қателерін анықтап, автоматты түрде түзету үшін HP Print
and Scan Doctor бағдарламасын іске қосыңыз. Бағдарлама кейбір тілдерде ғана қолжетімді.
Автоматты шығару науасын ұзартқышты қолмен шығарып алу
Автоматты шығару науаны ұзартқыш автоматты қолданылмаса, оны қолмен шығарып алуға болады.
1. Шығару науасын принтерден шығарып алыңыз.
2. Шығару науасының төменгі жағында шығару науасы құлпын ашық күйге жылжытып, науа
ұзартқышын босату үшін босату механизмін жылжытыңыз.
3. Науа ұзартқышын босатылған күйде қалдырып, шығару науасын принтерге кері салыңыз.
Принтер кенеттен жұмыс істемей қалды
Қуат пен қуат байланыстарын тексеріңіз.
Принтердің қуат сымы жұмыс істеп тұрған розеткаға берік қосылғанын тексеріңіз.
Басып шығару механизмін туралау сәтсіздіктері
Егер туралау процесі орындалмаса, қолданылмаған қарапайым ақ қағазды кіріс науасына
жүктегеніңізді тексеріңіз. Егер сия картридждерін
туралау кезінде кіріс науасында түсті қағаз
салынған болса, туралау сәтсіз болады.
Егер туралау процесі қайта-қайта сәтсіз болса, басып шығару механизмін тазарту керек, әйтпесе
датчикте ақау болуы мүмкін.
Егер басып шығару механизмін тазалау ақауды шешпесе, HP қолдау қызметіне хабарласыңыз.
www.hp.com/support сайтына өтіңіз. Бұл веб-сайтта жалпы принтер ақауларын түзетуге
көмектесе алатын ақпарат пен қызметтік бағдарламалар беріледі. Нұсқау берілсе, елді/аймақты
таңдаңыз да, техникалық қолдау қызметіне қоңырау шалу туралы ақпаратты алу үшін Барлық
HP контактілері түймесін басыңыз.
94 8-тарау Мәселені шешу KKWW