User's Guide
HP қолдау қызметі
Өнімнің соңғы жаңартулары мен қолдау туралы ақпаратты алу үшін, HP ENVY 5540 series www.hp.com/
support мекенжайындағы қолдау қызметінің веб-сайтына кіріңіз. HP онлайн режимінде қолдау
принтерге қатысты түрлі қызметтерді ұсынады:
Драйверлер және жүктеулер: Бағдарламалық құрал драйверлері мен жаңартуларды, сондай-ақ,
принтер қорабында болатын нұсқаулықтар мен құжаттамаларды жүктеп алыңыз.
HP қолдау форумдары: Жалпы сұрақтар мен мәселелердің жауабын алу үшін, HP қолдау форумдарына
қатысыңыз. Басқа HP тұтынушылары жариялаған сұрақтарды көре аласыз немесе жүйеге кіріп, жеке
сұрақтарыңызды қойып және түсініктемелер қалдыра аласыз.
Ақауларды жою: Принтерді тексеріп, ұсынылатын шешімдерді табу үшін, HP онлайн режиміндегі
құралдарын пайдаланыңыз.
HP қолдау қызметімен хабарласу
Мәселені шешу үшін, HP техникалық қолдау қызметінің өкілінен көмек қажет болса, Қолдау қызметінің
хабарласу веб-сайтына кіріңіз. Келесі байланысу түрлері кепілдеме бар тұтынушылар үшін тегін (HP
агентінің көрсеткен қызметі кепілдемесі жоқ тұтынушылар үшін ақылы болуы мүмкін):
HP қолдау қызметінің агентімен онлайн режимінде хат алмасу.
HP қолдау қызметінің агентін шақыру.
HP қолдау қызметіне хабарласқан кезде келесі ақпаратты беруге дайын болыңыз:
●
Өнім атауы (HP ENVY 5540 сияқты принтерде орналасқан)
●
Өнім нөмірі (сия картриджін алатын есікте орналасқан)
●
Сериялық нөмірі (принтердің артқы немесе астыңғы жағында орналасады)
Принтерді тіркеу
Тіркелу үшін бірнеше минут жұмсау арқылы жылдамырақ қызметтен, тиімділіктен және өнімге қолдау
көрсететін ескертулерден рахат алуыңыз мүмкін. Бағдарламалық құралды орнату кезінде принтерді
тіркемеген болсаңыз, кейінірек оны
http://www.register.hp.com веб-сайтында тіркеуге болады
96 8-тарау Мәселені шешу KKWW










