User's Guide
Басқару тақтасы және күй шамдары
Түймешіктерге және шамдарға жалпы шолу
Келесі диаграмма мен қатысты кесте принтердің басқару тақтасы мүмкіндігіне жылдам сілтеме береді.
Жапсырма Аты және сипаттамасы
1 Қосу түймесі: Принтерді қосады немесе өшіреді.
2 Артқа түймесі: Алдыңғы экранға қайтарады.
3 Анықтама түймесі: Ағымдағы әрекетке арналған Анықтама мәзірін ашады.
4 Басты түймесі: Принтерді бірінші рет қосқанда көрсетілетін Басты экранға қайтарады.
5 Дисплей панели управления (Басқару тақтасының дисплейі): Мәзір опцияларын таңдау үшін экранды түртіңіз немесе
мәзір элементтерін айналдырыңыз.
6 Сымсыз
 байланыс шамы: Принтер сымсыз байланысының күйін көрсетеді.
●
Тұрақты көк шам сымсыз қосылым орнатылғанын және басып шығаруға болатынын көрсетеді.
●
Баяу жыпылықтап тұрған шам сымсыз қосылым қосулы екенін, бірақ принтердің желіге қосылмағанын көрсетеді.
Принтер сымсыз сигналдың ауқымында екенін тексеріңіз.
●
Жылдам жыпылықтап тұрған шам сымсыз қосылымның қатесін көрсетеді. Принтер дисплейіндегі хабарды
қараңыз.
●
Егер сымсыз байланыс өшірулі болса, сымсыз байланыс шамы өшірулі болады, дисплей экраны Wireless Off
(Сымсыз байланыс өшірулі) жазуын көрсетеді.
KKWW Басқару тақтасы және күй шамдары 5










