User's Guide
Фотосуреттерді басып шығару
Фотосурет науасына фотосурет қағазының салынғанын тексеріңіз.
Принтер бағдарламалық құралынан фотосуретті басып шығару (Windows)
1. Бағдарламалық құралдан Басып шығару түймесін таңдаңыз.
2. Принтер таңдалғанын тексеріңіз.
3. Свойства (Сипаттар) диалогтық терезесін ашатын түймешікті басыңыз.
Бағдарламалық жасақтама қосымшасына байланысты бұл түймешік Свойства (Сипаттар), Опции
(Опциялар), Установка принтера (Принтерді орнату), Свойства принтера (Принтердің сипаттары),
Принтер немесе Предпочтения
(Таңдаулы параметрлер) деп аталуы мүмкін.
4. Қажетті параметрлерді таңдаңыз.
●
Орналасу қойындысында Портрет немесе Пейзаж бағдарын таңдаңыз.
●
Бумага/Качество (Қағаз/сапа) қойындысында Tray Selection (Науаны таңдау) аумағындағы
Носители (Медиа құралы) ашылмалы тізімінен тиісті қағаз түрін таңдаңыз да, Quality
Settings (Сапа параметрлері) аймағында тиісті басып шығару сапасын таңдаңыз.
●
Размер бумаги (Қағаз өлшемі) ашылмалы
мәзірінен сәйкес қағаз түрін таңдау үшін
Допонительный (Қосымша) қойындысын басыңыз.
5. Сипаттар диалогтық терезесіне оралу үшін ОК түймешігін басыңыз.
6. Басып шығару диалогтық терезесінде OKтүймешігін басып, Басып шығару немесе OK түймешігін
басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Басып шығару аяқталғаннан кейін пайдаланылмаған фотосурет қағазын фотосурет
науасынан алып тастаңыз. Фотосурет қағазын бұратылмайтындай етіп орнатыңыз, дұрыс
орналастырмау басып шығару
сапасының төмендеуіне әкеп соғуы мүмкін.
Компьютеріңізден фотосуретті басып шығару (OS X)
1. Бағдарламалық құралдың Файл (Файл) мәзірінде Печать (Басып шығару) түймеcін таңдаңыз.
2. Принтердің таңдалғанын тексеріңіз.
3. Қайта теру параметрін орнату
Басып шығару диалогтық терезесінде опцияларды көрмесеңіз, Мәліметтерді көрсету түймесін
басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Келесі параметрлер USB кабеліне жалғанған принтер үшін қол жетімді.
Опциялардың орындары әр бағдарламада әртүрлі болады.
а. Қағаз өлшемі қалқымалы мәзірінен сәйкес қағаз өлшемін таңдаңыз.
22 3-тарау Басып шығару KKWW










