User's Guide

Құжаттарды басып шығару
Қағаздың қағаз науасына салынғанын тексеріңіз.
Құжатты басып шығару (Windows)
1. Бағдарламалық құралдан Басып шығару түймесін таңдаңыз.
2. Принтердің таңдалғанына көз жеткізіңіз.
3. Свойства (Сипаттар) тілқатысу терезесін ашатын түймешікті басыңыз.
Бағдарламалық құрал қосымшасына байланысты бұл түймешік Свойства (Сипаттар), Опции
(Опциялар), Установка принтера (Принтерді орнату), Свойства принтера (Принтер сипаттары),
Принтер немесе Предпочтения (Таңдаулы параметрлер) деп
аталуы мүмкін.
4. Қажетті параметрлерді таңдаңыз.
Расположение (Орналасу) қойындысында Портрет немесе Пейзаж бағдарын таңдаңыз.
Бумага/Качество (Қағаз/сапа) қойындысында Tray Selection (Науаны таңдау) аумағындағы
Носители (Медиа құралы) ашылмалы тізімінен тиісті қағаз түрін таңдаңыз да, Quality
Settings (Сапа параметрлері) аймағында тиісті басып шығару сапасын таңдаңыз.
Размер бумаги (Қағаз өлшемі) ашылмалы мәзірінен сәйкес
қағаз түрін таңдау үшін
Дополнительный (Қосымша) қойындысын басыңыз.
5. Сипаттар диалогтық терезесін жабу үшін OK түймешігін басыңыз.
6. Басып шығаруды бастау үшін Печать (Басып шығару) немесе OK түймешігін басыңыз.
Құжаттарды басып шығару (OS X)
1. Бағдарламалық жасақтаманың Файл (Файл) мәзірінде Печать (Басып шығару) түймеcін
таңдаңыз.
2. Принтердің таңдалғанын тексеріңіз.
3. Бет төлсипаттарын көрсетіңіз.
Басып
шығару диалогтық терезесінде опцияларды көрмесеңіз, Мәліметтерді көрсету түймесін
басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Келесі параметрлер USB кабеліне жалғанған принтер үшін қол жетімді.
Параметрлердің орындары әр бағдарламада әртүрлі болады.
Қағаз өлшемін таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Қағаз өлшемі параметрін өзгертсеңіз, қағаздың дұрыс салынғандығын
тексеріңіз және сәйкестендіру үшін принтердің бақылау тақтасына қағаз өлшемін
орнатыңыз.
Бағдар параметрін таңдаңыз.
Масштабтау пайызын енгізіңіз.
4. Басып шығару түймешігін басыңыз.
24 3-тарау Басып шығару KKWW