User's Guide

Веб-қызметтерді орнату
Веб-қызметтерді орнату алдында принтер сымсыз байланысты қолдану арқылы интернетке
қосылғандығын тексеріңіз.
Веб-қызметін орнату үшін келесі әдістердің бірін қолданыңыз:
Принтердің басқару тақтасын пайдаланып веб-қызметтерді орнату
1. Принтердің басқару тақтасының дисплейінен HP арқылы басып шығарылатындар: түймесін
басыңыз.
2. Веб-қызметтерді іске қосу түймесін, содан соң Иә түймесін басыңыз.
3. Веб-қызметтерді пайдалану шарттарын
қабылдау үшін Қабылдау түймесін басып, Веб-
қызметтерді қосыңыз.
4. Автожаңарту экранында принтерге өнім жаңартуларын автоматты түрде тексеруге және
орнатуға рұқсат беру мақсатында Иә түймесін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Принтерді жаңарту қол жетімді болса, принтер жаңартуларды жүктейді және
орнатады, кейін қайта іске қосады. Веб-қызметтерді орнату үшін нұсқауларды 1-қадамнан
бастап қайталауыңыз қажет болады.
ЕСКЕРТПЕ: Прокси-параметрлеріне нұсқау берілсе және желіңіз прокси параметрлерін
пайдаланса, прокси-серверлерді орнату үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Қосымша
ақпарат алу үшін желі әкімшісімен немесе желіні орнатқан адаммен хабарласыңыз.
5. Принтер серверге қосылған кезде, принтер мәліметтер бетін басып шығарады. Орнатуды аяқтау
үшін ақпараттық беттегі нұсқауларды орындаңыз.
Кірістірілген веб-сервер (EWS) арқылы веб-қызметті орнату
1. Енгізілген веб-серверді (EWS) ашыңыз. Қосымша ақпарат алу үшін
Енгізілген веб-серверді
ашыңыз (69-бет) бөлімін қараңыз.
2. Веб-қызметтер қойындысын басыңыз.
3. Веб-қызметтерінің параметрлері бөлімінен Теңшеу үймесін, Продолжить (Жалғастыру)
түймесін басып, пайдалану шарттарын қабылдау үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
4. Нұсқау берілсе, принтердің тексеруіне рұқсат етуді таңдап, принтер жаңартуларын орнатыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Принтерді жаңарту қол жетімді болса, принтер жаңартуды жүктейді және орнатады,
кейінірек қайта бастаңыз.
Веб-қызметтерді орнату үшін нұсқауларды 1-қадамнан бастап
қайталаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Прокси-параметрлеріне нұсқау берілсе және желіңіз прокси параметрлерін
пайдаланса, прокси-серверлерді орнату үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Қосымша
ақпарат алу үшін желі әкімшісімен немесе желіні орнатқан адаммен хабарласыңыз.
5. Принтер серверге қосылған кезде, принтер мәліметтер бетін басып шығарады. Орнатуды аяқтау
үшін ақпараттық беттегі нұсқауларды орындаңыз.
KKWW Веб-қызметтерді орнату 35