User's Guide
Веб-сканерлеу көмегімен сканерлеу
Интернетте сканерлеу веб-браузер арқылы компьютерге принтерден фотосуреттерді және
құжаттарды сканерлеуге мүмкіндік беретін енгізілген веб-сервердің мүмкіндігі болып табылады.
Бұл мүмкіндік компьютерде принтер бағдарламалық құралын орнатпағанда да қол жетімді болады.
ЕСКЕРТПЕ: Әдепкіше интернетте сканерлеу мүмкіндігі өшірулі болады. Осы мүмкіндікті енгізілген
веб-серверден қосуға болады.
EWS серверіндегі Интернетте сканерлеуді ашу мүмкін болмаса, желі
әкімшісі оны ажыратқан болуы
мүмкін. Қосымша ақпарат алу үшін желі әкімшісімен немесе желі орнатқан маманмен байланысыңыз.
Веб-сканерлеуді қосу
1. Енгізілген веб-серверді (EWS) ашыңыз. Қосымша ақпарат алу үшін
Енгізілген веб-серверді
ашыңыз (69-бет) бөлімін қараңыз.
2. Параметрлер қойындысын басыңыз.
3. Қауіпсіздік бөлімінде Әкімші параметрлері түймесін басыңыз.
4. Интернетте сканерлеу мүмкіндігін қосу үшін Интернетте сканерлеу параметрін таңдаңыз.
5. Қолдану түймесін басып, OK түймесін басыңыз.
Интернетте сканерлеуді пайдаланып сканерлеу
Веб-сканерлеу негізгі сканерлеу параметрлерін ұсынады. Қосымша сканерлеу опцияларын немесе
функцияларын алу үшін HP принтерінің бағдарламалық құралынан сканерлеңіз.
1.
Түпнұсқаны сканер әйнегінің алдыңғы оң жақ бұрышына төмен қаратып жүктеңіз.
2. Енгізілген веб-серверді (EWS) ашыңыз. Қосымша ақпарат алу үшін
Енгізілген веб-серверді
ашыңыз (69-бет) бөлімін қараңыз.
3. Сканерлеу қойындысын басыңыз.
4. Сол жақ тақтадағыВеб-сканерлеу түймесін басып, параметрлерді өзгертіңіз де, Сканерлеуді
бастау түймесін басыңыз.
Сканерлеу параметрлерін өзгерту (Windows)
Сканерлеу параметрлерін бір реттік қолданыс үшін өзгертуге немесе өзгерістерді түпкілікті сақтауға
болады. Бұл параметрлер қағаз өлшемі мен бағыты, сканерлеу ажыратымдылығ, контраст пен
көшірме сақталатын қалта орны сияқты опцияларды қамтиды.
1. Түпнұсқаны сканер әйнегінің алдыңғы оң жақ бұрышына төмен қаратып жүктеңіз.
2. Принтердің бағдарламалық құралын ашу үшін, жұмыс үстеліндегі принтер белгішесін екі рет
басыңыз
немесе келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:
KKWW Сканерлеу 47










