User's Guide

Сәтті көшіру және сканерлеу туралы кеңестер
Сәтті көшіру және сканерлеу үшін келесі кеңестерді пайдаланыңыз:
Әйнек пен қақпақтың артын таза ұстаңыз. Сканер кез келген дақты немесе белгіні сканерленетін
кескіннің бөлігі ретінде таниды.
Түпнұсқаны әйнектің алдыңғы оң жақ бұрышына төмен қаратып жүктеңіз.
Шағын түпнұсқаның үлкен көшірмесін жасау үшін түпнұсқаны компьютерге сканерлеңіз,
сканерлеу бағдарламасындағы кескін өлшемін өзгертіңіз, содан кейін
үлкейтілген кескіннің
көшірмесін басып шығарыңыз.
Егер сканерлеу өлшемі, шығару түрі, сканерлеу ажыратымдылығы немесе файл түрі, т.б.
параметрлерді реттегіңіз келсе, сканерлеуді принтердің бағдарламалық құралынан бастаңыз.
Дұрыс емес немесе жоқ сканерленген мәтінді болдырмау үшін бағдарламада жарықтық тиісті
түрде орнатылғанын тексеріңіз.
Бірнеше беттен тұратын құжатты бірнеше файлдың орнына бір файлға сканерлеу қажет
болса,
принтер дисплейінен Сканерлеу параметрін таңдаудың орнына принтер бағдарламалық құралы
бағдарламасымен сканерлеуді бастаңыз.
50 5-тарау Көшіру және сканерлеу KKWW