User's Guide

Желі параметрлерін өзгерту
Принтердің басқару тақтасынан принтердің сымсыз қбайланысын орнатып және басқаруға, сондай-ақ
әр түрлі желі басқару тапсырмаларын орындауға болады. Оның құрамына желі параметрлерін қарау
және өзгерту, желінің әдепкі параметрлерін қалпына келтіру және сымсыз байланыс функциясын қосу
не өшіру кіреді.
ЕСКЕРТУ: Желі параметрлері ыңғайлылық үшін беріледі. Дегенмен, жетілдірілген пайдаланушы
болмасаңыз, осы параметрлердің кейбірін (мыс., байланыс
жылдамдығы, IP параметрлері, әдепкі
шлюз және желіаралық қалқан параметрлері) өзгертудің қажеті жоқ.
Желіні конфигурациялау бетін басып шығару
1. Басты терезеде
(Сымсыз) және кейін (Параметрлер) түймесін басыңыз.
2. Есепті басып шығару, кейін Желі конфигурациясының беті түймесін түртіңіз.
IP параметрлерін өзгерту
IP параметріне арналған әдепкі IP параметрі IP параметрлерін автоматты түрде орнататын
автоматически (автоматты) күйі болады. Кеңейтілген пайдаланушы болсаңыз және басқа
параметрлерді пайдаланғыңыз келсе (мысалы, IP мекенжайы, бағыныңқы желі маскасы немесе әдепкі
шлюз) қолмен өзгертуге болады.
ЕСКЕРТУ: IP мекенжайын қолмен тағайындаған кезде
абай болыңыз. Орнатылым кезінде дұрыс емес
IP мекенжайын енгізген болсаңыз, желінің құрамдас бөліктері принтерге қосылмауы мүмкін. Қате орын
алмас үшін, алдымен принтердің желіге қосылуына мүмкіндік беріңіз, содан соң автоматты түрде IP
мекенжайын алыңыз. Қосалқы желі маскасы, әдепкі шлюз және DNS мекенжайының параметрлері
конфигурацияланғаннан кейін принтердің IP мекенжайын өзіңіздің параметріңізге өзгерте аласыз.
1.
Басты терезеде
(Сымсыз) және кейін (Параметрлер) түймесін басыңыз.
2. Сымсыз байланыс параметрлері түймесін түртіңіз.
3. Дополнительные параметры (Қосымша параметрлер) түймешігігін түртіңіз.
4. IP параметрлері түймесін түртіңіз.
5. IP мекенжайын өзгерту принтерді желіден алып тастайды деген ескерту хабарламасы
көрсетіледі. Жалғастыру үшін OK түймесін басыңыз.
6. Автоматический (Автоматты) параметрі әдепкі бойынша таңдалады. Параметрлерді қолмен
өзгерту үшін Вручную (Қолмен) параметрін басып, келесі параметрлер
үшін сәйкес мәліметтерді
енгізіңіз:
IP мекенжайы
Бағыныңқы желі маскасы
Әдепкі шлюз
DNS мекенжайы
7. Өзгертулерді енгізіп, Қолдану түймесін түртіңіз.
KKWW Желі параметрлерін өзгерту 67