User's Guide
Кеңейтілген принтерді басқару құралдары (желілік
принтерлер үшін)
Кейбір параметрлерді қарап шығу немесе өзгерту үшін сізге құпия сөз қажет болуы мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: Интернетке қосылым болмаса да, енгізілген веб-серверді ашуға және қолдануға болады.
Дегенмен, кейбір мүмкіндіктер қолданыста болмайды.
Осы бөлімде төмендегідей тақырыптар бар:
●
Құралдар жиыны (Windows)
●
HP утилитасы (OS X)
●
Енгізілген веб-серверді ашыңыз
●
«Сookie» файлдары туралы
Құралдар жиыны (Windows)
Құралдар жинағы принтерге күтім көрсету туралы мәліметтерді береді.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютер жүйе талаптарына сай келетін болса, құралдар жинағын HP бағдарламалық
құрал ықшам дискісінен орнатуға болады. Жүйе талаптарын принтермен бірге берілетін НР
принтерінің бағдарламалық құралына арналған ықшам дискіде бар «Readme» файлынан табуға
болады.
Құралдар жинағын ашу
1. Операциялық жүйеге қарай келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:
●
Windows 8.1: Бастау терезесінің сол жақ төменгі бұрышындағы төмен көрсеткіні басып,
принтер атауын таңдаңыз.
●
Windows 8: Бастау терезесіндегі бос орынды тінтуірдің оң жағымен басып, бағдарламалар
жолағындағы Барлық бағдарламалар түймесін басып, принтер атауын таңдаңыз.
●
Windows 7, Windows Vista және Windows XP: Компьютердің жұмыс үстелінен Пуск (Бастау
)
түймесін басып, Все программы (Барлық бағдарламалар) тармағын таңдап, НР түймесін
басыңыз, содан соң принтерге арналған қалтаны басып, принтер атауы бар белгішені
таңдаңыз.
2. Print & Scan (Принтер, Сканерлеу) түймесін басыңыз.
3. Принтерге күтім жасау түймесін басыңыз.
HP утилитасы (OS X)
HP қызметтік бағдарламасы принтер параметрлерін теңшейтін, принтерді теңшейтін, желіде
жабдықтарға тапсырыс жасайтын және веб-тораптың қолдау көрсететін мәліметтерін табатын
құралдарды қамтиды.
68 7-тарау Принтерді жалғау KKWW










