User's Guide

5 Желілерге қосылу
Планшетті сымсыз желіге, Bluetooth® құрылғыларына (тек таңдаулы үлгілерде), мобильді
желіге (тек таңдаулы үлгілерде) немесе Windows® компьютеріне қосуға болады.
Сымсыз желіге қосылу
Вебті ашып, электрондық пошта хабарламасын оқып немесе онлайн басқа əрекеттерді
орындаңыз.
ЕСКЕРІМ: Интернетке қосылмас бұрын сымсыз желіге қосылуыңыз керек.
Сымсыз желіге қосылу үшін
1.
белгішесін, одан кейін белгішесін түртіңіз.
2. БЕСПРОВОДНАЯ СВЯЗЬ И СЕТИ (Сымсыз байланыс жəне желілер) мəзірінен Wi-Fi
опциясы таңдалғанына көз жеткізіңіз.
3. Wi-Fi белгішесін басыңыз жəне көрсетілетін бар желілердің біреуін таңдаңыз.
4. Қажет болса, қауіпсіздік кодын теріңіз жəне Подключение (Қосылу) пəрменін таңдаңыз.
ЕСКЕРІМ: Бұрын қосылған сымсыз желіге қауіпсіздік кодын жою үшін, желінің атын басып,
Забыть (Ұмыту) түймешігін басыңыз.
Bluetooth құрылғысына қосылу (тек таңдаулы
үлгілерде)
Гарнитура, пернетақта немесе тінтуір сияқты Bluetooth құрылғысын планшетіңізбен жұптаңыз.
Bluetooth құрылғысына қосылу үшін
1. Bluetooth құрылғысын қосыңыз.
2.
белгішесін, одан кейін белгішесін түртіңіз.
3. БЕСПРОВОДНАЯ СВЯЗЬ И СЕТИ (СЫМСЫЗ БАЙЛАНЫС ЖƏНЕ ЖЕЛІЛЕР) аймағындағы
Bluetooth мүмкіндігін қосыңыз жəне Bluetooth белгішесін басыңыз.
4. Құрылғыңызды жақын арадағы барлық Bluetooth құрылғысына көрінетін етіп жасау үшін,
оның атын түртіңіз.
5. Бар Bluetooth құрылғыларын табу үшін, ПОИСК УСТРОЙСТВ (Құрылғыларды іздеу)
пəрменін таңдаңыз.
6. Құрылғыны планшетіңізбен жұптау үшін, құрылғының аты көрсетілгенде, оны саусақпен
басыңыз.
ЕСКЕРІМ: Батареяны пайдалану мерзімін ұзарту үшін, пайдаланбаған кезде Bluetooth
мүмкіндігін өшіріңіз.
8 Бап 5 Желілерге қосылу