User's Guide
ЕСКЕРІМ: Файлдарды планшет пен компьютер арасында берудің алдында шағын SD
картасын орнату қажет.
1. Шағын USB кабелін планшетке жəне Windows жүйесі бар компьютерге жалғаңыз.
USB сақтау мүмкіндігі компьютердегі диск ретінде көрсетіледі. Файлдардың көшірмелерін
кез келген сыртқы құрылғы көмегімен көшірмелегендей жасаңыз.
2. Аяқталған кезде, USB кабелін ажыратыңыз.
Мазмұнды ажыратымдылығы жоғары теледидардан
ағынмен көрсету (тек таңдаулы үлгілерде)
Miracast технологиясы фильмдер сияқты мазмұнды планшетіңізден ажыратымдылығы жоғары
теледидар немесе монитор сияқты Miracast технологиясымен үйлесімді құрылғыға жіберіп
ағынмен көрсетуге немесе бейнелеуге мүмкіндік береді.
ЕСКЕРІМ: Бұл мүмкіндікті пайдалануға кіріспес бұрын, бейнелеу құрылығыңыз Miracast
технологиясымен үйлесімді құрылғы екенін тексеріңіз.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Miracast технологиясымен үйлесімді құрылғыңыз болмаса, бейнелеу
құрылғысына қосылатын Miracast технологиясымен үйлесімді сыртқы адаптерді пайдалану
қажет. Адаптерді бейнелеу құрылғысына қосу үшін, өндірушінің нұсқауларын орындаңыз.
Жақсы жұмыс істеу үшін кеңестер мен ұсыныстар
●
Медиа мазмұнын планшетіңізге немесе орнатылған шағын SD жад картасына сақтаңыз.
●
Қолданылмай тұрған бағдарламаларды жабыңыз.
●
Планшетіңіз бен бейнелеу құрылғысын бір бөлмеде орналастырыңыз.
Miracast технологиясымен үйлесімді сымсыз дисплейге қосылу (тек
таңдаулы үлгілерде)
Miracast технологиясымен үйлесімді сымсыз дисплейлерге қосылу үшін
1.
белгішесін, одан кейін белгішесін түртіңіз.
2. Беспроводная связь и сети (Сымсыз байланыс жəне желілер) тармағын, одан кейін
Беспроводной дисплей (Сымсыз дисплей) тармағын таңдаңыз.
3. Қосылуды аяқтау үшін, Miracast құрылғысын тізімнен таңдап, экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
4. Ажыратымдылық параметрлерін реттеу үшін, Разрешение (Ажыратымдылық) параметрін
басып, ажыратымдылықты ұлғайту немесе азайту үшін сырғытпаны сүйреңіз.
Адаптеріңіз анықталған Miracast адаптерлерінің тізімінде болмаса, келесі əрекеттерді
орындаңыз
:
●
Дисплей немесе адаптердің Miracast технологиясымен үйлесімді болуын тексеріңіз.
●
Дисплей немесе адаптердің жалғанғанын жəне қуатқа қосылғанын тексеріңіз.
●
Желіаралық қалқан Miracast бағдарламалық құралын бұғаттамай тұрғанын тексеріңіз.
10 Бап 5 Желілерге қосылу










