User's Guide
8 Деректердің сақтық көшірмесін
жасау жəне қалпына келтіру
Бағдарламаларды, виджеттерді жəне амалдық жүйені
жаңарту
НР компаниясы бағдарламалар, виджеттер мен амалдық жүйені жүйелі түрде соңғы
нұсқалармен жаңартуды ұсынады. Жаңартулар мəселелерді шешіп, планшетіңіз жаңа
мүмкіндіктер мен опциялар қосуы мүмкін. Технологиялар жүйелі түрде өзгеріп тұрады жəне
бағдарламалар, виджеттер мен амалдық жүйені жаңарту арқылы қолда бар ең соңғы
технологияларды планшетіңізде пайдалануға мүмкіндік беріледі. Мысалы, жаңартылмаған
бағдарламалар мен виджеттер амалдық жүйенің ең
соңғы нұсқасымен жұмыс істемеуі мүмкін.
Google Play дүкеніне өтіңіз жəне НР компаниясы немесе үшінші тарап жасаған бағдарламалар
мен виджеттердің ең соңғы нұсқаларын жүктеп алыңыз. Амалдық жүйе жүйенің жаңартуларын
автоматты түрде жүктейді жəне оларды орнатуға дайын екені туралы сізді ескертеді. Егер
амалдық жүйені қолмен жаңартуды қаласаңыз,
http://www.hp.com/support мекенжайына өтіңіз.
Cақтық көшірме жасау жəне бастапқы қалпына келтіру
Жоғалған жағдайда мəліметтердің сақтық көшірмесін жасауға жəне қалпына келтіруге
таңдаулы параметрлерді орнатуға болады.
1.
белгішесін, одан кейін белгішесін түртіңіз.
2. ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ (Жеке ақпарат) ішінен Резервное копирование и сброс (Сақтық
көшірме жасау жəне бастапқы параметрлерге келтіру) опциясын таңдаңыз.
3. РЕЗЕРВНОЕ КОПИРОВАНИЕ И ВОССТАНОВЛЕНИЕ (Сақтық көшірме жасау жəне
қалпына келтіру) тізімінен бір немесе бірнеше параметрді таңдаңыз:
● Резервирование данных (Деректердің сақтық көшірмесін жасау) – бағдарламалар
деректерінің, Wi-Fi кіру нүктелері құпия сөздерінің жəне Google серверлеріне
арналған
басқа параметрлердің сақтық көшірмесін жасау үшін құсбелгіні қойыңыз, бұл
мүмкіндікті өшіру үшін құсбелгіні алып тастаңыз.
●
Учетная запись для резервного копирования (Сақтық көшірме жасауға арналған
есептік жазба) – Сақтық көшірме жасау үшін Google есептік жазбасын таңдаңыз.
● Автовосстановление (Автоматты түрде қалпы келтіру) – бағдарламаны жойып қайта
орнату кезінде параметрлер мен деректердің сақтық көшірмесін қалпына келтіру үшін
құсбелгіні қойыңыз, бұл мүмкіндікті өшіру үшін құсбелгіні алып тастаңыз.
Бағдарламаларды, виджеттерді жəне амалдық жүйені жаңарту 17










