Help Guide - Windows 8

1. Бастау экранында hp support assistant деп теріп, HP Support Assistant қолданбасын
таңдаңыз.
2. Обновления и подстройки (Жаңартулар мен реттеулер) пəрменінен кейін Проверить
наличие обновлений для НР (НР жаңартулары бар екенін тексеру) пəрменін таңдаңыз.
3. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
4. Жүктеп алу аймағ
ында келесі қадамдарды орындаңыз:
а. BIOS жаңартуы компьютерде орнатылған BIOS нұсқасынан кейінгі нұсқа екендігін
анықтаңыз. Күні, аты немесе басқа таңба ескертуін жасаңыз. Осы мəлімет жаңарту
қатты дискіге жүктеп алынғаннан кейін орнын белгілеу үшін керек
болуы мүмкін.
ə. Таңдауыңызды қатты дискіге жүктеп алу үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
BIOS жаңарту файлдары жүктеп алынатын қатты диск орнының жолын белгілеп
қойыңыз. Жаңарту бумасын орнатуға əзір болған кезде сол жолға кіруге керек
болады.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютерді желіге қосатын болсаңыз, кез келген бағдарламалық құралының
жаңартуын, əсіресе BIOS жаңартуларын, орнатар алдында желілік əкімшімен
ақылдасыңыз.
BIOS нұсқасын орнату іс реттері əртүрлі екен. Жүктеп алу үрдісі аяқталғаннан кейін экранда
көрсетілетін нұсқауларды орындаңыз. Нұсқаулар экранға шығарылмаған жағдайда мына
қадамдарды орындаңыз:
1. Бастау экранына файл сөзін жазып, Проводник (Жетектеуші) опциясын
таңдаңыз.
2. Қатты диск орнын тінтуірмен екі рет басыңыз. Əдетте қатты диск атауы Local Disk (C:)
болады.
3. Алдында жазып алған қатты диск жолын пайдаланып, жаңарту файлдары бар қатты
дискідегі қалтаны ашыңыз.
4. .exe кеңейтімі бар файлды (мысалы,
filename
.exe) екі рет басыңыз.
BIOS орнатылуы басталады.
5. Экрандағы нұсқауларды орындап орнатуды аяқтаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Экранда сəтті орнату туралы хабар пайда болғаннан кейін жүктеп алынған
файлды қатты дискіден жоюға болады.
90
12-тарау Computer Setup (BIOS), MultiBoot жəне HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) KKWW