Help Guide - Windows 8

Пернетақтаны пайдалану
Пернетақта жəне тінтуір сенсорлы экрандағы қимылдар сияқты теруге жəне бірдей
функцияларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, пернетақта арнайы
функцияларды орындау мақсатымен əрекет пернелері мен жылдам пернелерді пайдалануға
мүмкіндік береді.
КЕҢЕС: Пернетақтадағы Windows пернесі ашық болған бағдарламадан немесе Windows
жұмыс үстелінен бастау экранына жылдам оралуға мүмкіндік береді. Windows пернесі қайта
басылған кезде, алдыңғы экран ашылады.
ЕСКЕРТПЕ: Еліңізге/аймағыңызға байланысты, пернетақтаның пернелері мен пернетақта
функциялары осы бөлімде сипатталғаннан өзгешелеу болуы мүмкін.
Windows жүйесінің пернелер тіркесімдерін пайдалану
Windows жүйесі əрекеттерді жылдам орындау үшін пернелер тіркесімдерін қамтамасыз етеді.
Арнайы əрекетті орындау үшін, Windows пернесінің
өзін немесе арнайы пернемен бірге
басыңыз.
Əдетті пернелер тіркесімдері туралы қосымша ақпаратты алу үшін
Windows
Негіздері
нұсқаулығын қараңыз.
Жылдам пернелерді анықтау
Жылдам перне дегеніміз esc пернесінің (1) жəне fn пернесі (2) немесе функционалдық
пернелердің біреуінің (3) тіркесімі.
Пернелер тіркесімін пайдалану:
fn пернесін аз уақыт басыңыз, одан кейін пернелер тіркесімінің екінші пернесін басып
қалыңыз.
Пернелер тіркесімі Сипаттама
fn+esc
Жүйе ақпаратын көрсетеді.
fn+F1
Сыртқы жарықтылық датчигін басқарады.
32
4-тарау Пернетақта, сенсорлы тақтаның қимылдары жəне меңзегіш құрылғылар арқылы
шарлау
KKWW