Help Guide - Windows 8
Бейне
Компьютерде мына сыртқы бейне порттардың біреу немесе бірнешеуі болуы мүмкін:
Көруге байланысты əрекеттеріңізді жақсарту мақсатында компьютерді сыртқы монитор,
проектор немесе теледидарға қосу үшін, бейне порттардың бірін пайдаланыңыз.
Компьютеріңізде мына сыртқы бейне порты бар:
●
DisplayPort
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Сыртқы құрылғының дұрыс кабель арқылы компьютердегі дұрыс ұяға
қауіпсіз түрде жалғанғандығына көз жеткізіңіз. Сұрақтарыңыз болса, құрылғы өндірушісінің
нұсқауларын қараңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютеріңіздің видео порттары туралы ақпаратты Компьютермен танысу (5-бет)
бөлімінен қараңыз.
DisplayPort
DisplayPort компьютерді ажыратымдылығы жоғары теледидар сияқты қосымша бейне дерек
немесе дыбыстық құрылғысына не болмаса кез келген үйлесімді сандық немесе дыбыстық
құралдарына жалғайды. Сыртқы VGA монитор портымен салыстырғанда DisplayPort өнімділігі
жоғары болып, сандық қосылысты жақсартады.
ЕСКЕРТПЕ: Бейне жəне/немесе дыбыс сигналдарын DisplayPort арқылы жіберу үшін,
DisplayPort кабелі (бөлек сатылады) керек болады.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютердің DisplayPort портына бір ғана DisplayPort құрылғысын жалғауға
болады. Компьютер экранындағы ақпарат бір мезгілде DisplayPort құрылғысында да
көрсетіледі.
Бейне немесе аудио құрылғысын DisplayPort портына жалғау үшін
1. DisplayPort кабелінің бір ұшын компьютердегі DisplayPort портына жалғаңыз.
2. Кабельдің екінші ұшын сандық дисплей ұясына жалғаңыз.
3. Компьютер экранындағы кескінді 4 түрлі көрсету күйіне ауыстырып қосу үшін, fn+f4
пернесін басыңыз:
40
5-тарау Мультимедиа KKWW










