Help Guide - Windows 8

Компьютер ұйқылық күйден шыққанда электр қуатының шамдары жанып, экранда
жұмысыңыздың тоқтаған жері көрсетіледі.
ЕСКЕРТПЕ: Егер оянған кезде, құпия сөз сұралатындай орнатылған болса, жұмысты
компьютерде жалғастыру үшін, Windows құпия сөзін енгізу қажет болады.
Пайдаланушы таңдауымен күту күйін қосу немесе күйден шығу
Пайдаланушы таңдауымен күту күйін қосу жəне басқа қуат параметрлері мен күту үзілістерін
өзгерту үшін «Қуат параметрлері» пəрменін пайдаланыңыз.
1. Бастау экранында параметры питания сөздерін теріңіз, содан Параметры питания (қуат
параметрлері) тармағын таңдаңыз.
2. Сол
жақ тақтадан Укажите действие кнопки питания (Қуат түймешігінің əрекетін
таңдаңыз) сілтемесін нұқыңыз.
3. Изменение параметров, недоступных в данный момент (Қазіргі уақытта қол жетімді
емес параметрлерді өзгерту) параметрін таңдаңыз.
4. При нажатии кнопки питания (Қуат түймешігін басқ
ан кезде) аймағында Гибернация
(Күту) күйін таңдаңыз.
5. Сохранить изменения (Өзгертулерді сақтау) параметрін таңдаңыз.
Күту күйінен шығу үшін, қуат түймешігін тез басып қалыңыз. Қуат шамдары жанып, экранда
жұмысыңыздың тоқтаған жері к
өрсетіледі.
ЕСКЕРТПЕ: Егер оянған кезде, құпия сөз сұралатындай орнатылған болса, жұмысты
жалғастыру үшін, Windows құпия сөзін енгізу қажет болады.
Қуат көрсеткішін жəне қуат параметрлерін қолдану
Қуат көрсеткіші Windows жұмыс үстелінде орналасқан. Қуат көрсеткіші қуат параметрлеріне
жылдам кіруге жəне қалған батарея зарядын көруге мүмкіндік береді.
Батарея зарядының қалған деңгейін жəне Windows жұмыс үстелінде орналасқан ағымдағы
қуат жоспарын экранда к
өру үшін, меңзерді қуат көрсеткіші белгішесінің үстінен
жүргізіңіз.
Қуат параметрлерін пайдалану немесе қуат жоспарын өзгерту үшін, қуат көрсеткіші
белгішесін басып, тізімнен бір тармақты таңдаңыз. Сонымен қатар, бастау экранында
параметры питания сөздерін теріңіз, содан Параметры питания (қ
уат параметрлері)
тармағын таңдаңыз.
Əртүрлі қуат көрсеткішінің белгішелері компьютердің батарея қуатымен немесе сыртқы
қуатпен жұмыс істеп тұрғанын көрсетеді. «Заряд төмен» деңгейіне немесе «Заряд өте төмен»
деңгейіне жеткенде, белгіше хабар шығарады.
Оянған кезде сұралатын құпиясөзбен қорғау
Компьютер ұйқылық немесе күту күйінен шыққанда, компьютерде құпия сөз сұралуын орнату
үшін, осы қадамдарды орындаңыз:
KKWW Қуат параметрлерін орнату
45