Help Guide - Windows 8

1. Мəліметтеріңізді сақтап, жад картасымен байланысты барлық бағдарламаларды жабыңыз.
2. Хабарландыру аймағындағы тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан құралды
шығарып алу белгішесін басыңыз. Одан кейін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
3. Картаны (1) ішке қарай
басып, ұясынан (2) шығарып алыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Карта шықпаса, оны ұясынан тартып шығарыңыз.
USB құрылғысын пайдалану
Əмбебап тізбекті шина (USB) дегеніміз USB пернетақтасы, тінтуір, диск, басып шығарғыш,
сканер немесе хаб сияқты қосымша сыртқы құрылғыны қосуға арналған аппараттық құрал
интерфейсі.
Кейбір USB құрылғылары əдетте құрылғымен бірге жабдықталған қосымша қолдау
бағдарламалық құралын
талап етуі мүмкін. Нақты бағдарламалық құрал туралы қосымша
ақпарат алу үшін өндіруші нұсқауларын қараңыз. Бұл нұсқаулар бағдарламалық құралмен бірге,
диск түрінде немесе өндірушінің веб-торабында берілуі мүмкін.
Компьютерде USB 1.0, 1.1, 2.0 немесе 3.0 құрылғыларымен
жұмыс істейтін кем дегенде 1 USB
порты бар. Сонымен қатар, сыртқы құрылғыға қуат беретін USB зарядтау порты
компьютеріңізде болуы мүмкін. Қосымша USB қондыру құрылғысы немесе USB концентраторы
компьютермен пайдалануға болатын қосымша USB порттарымен қамтамасыз етеді.
54
7-тарау Сыртқы карталар мен құрылғ
ылар KKWW