Help Guide - Windows 8
8
Дискілер
Дискілерді ұстау
ЕСКЕРТУ: Дискілер компьютердің əлсіз бөліктері жəне оларды абайлап ұстау қажет. Диск
жетектерін ұстамас бұрын келесі ескертулерді қараңыз. Қосымша ескертулер олар
қолданылатын үрдістерде қамтылған.
Мына ескертулерді қарап шығыңыз:
●
Сыртқы қатты дискіге қосылған компьютерді жылжытпас бұрын, оны күту режиміне қойып,
экранның тазалануын күтіңіз немесе сыртқы қатты дискіні дұрыстап ажыратыңыз.
●
Құрылғыны ұстамас бұрын статикалық электр қуатын жерге қ
осылған беткейге тию
арқылы разрядтаңыз.
●
Алынбалы дискідегі немесе компьютердегі қосқыш істікшелерге қолыңызды тигізбеңіз.
●
Дискіні абайлап ұстаңыз, оны құлатуға немесе оның үстіне заттар қоюға болмайды.
●
Дискіні алмастан немесе салмастан бұрын, компьютерді өшіріңіз. Егер компьютердің
өшірулі 
екендігіне сенімсіз болсаңыз, күту режимінде немесе ұйықтау режимінде
компьютерді қосыңыз, одан кейін амалдық жүйе арқылы өшіріңіз.
●
Дискіні арнайы саңылауға салғанда шамадан тыс күшпен итермеңіз.
●
Оптикалық жинақтағыш диск жетегі дискіге жазып жатқанда компьютердің 
пернетақтасын
басуға немесе компьютерді жылжытуға болмайды. Жазу үрдісі тербелістерге сезімтал
болады.
●
Дискінің өте жоғары немесе өте төмен температура мен ылғалдылықта қолданылмауын
қадағалаңыз.
●
Дискіге сұйықтықтар тимеуін қадағалаңыз. Дискіге тазалау құралдарын сеппеңіз.
●
Дискіні диск
 салынатын жерден шығарып алмастан бұрын немесе бірге алып жүрер,
поштамен бір жаққа жіберер немесе сақтап қояр алдында оның ішіндегі медиа құралын
алып тастаңыз.
●
Дискіні поштамен жіберу керек болса, оны қабыршықты мөлдір қалтаға немесе басқа
сынудан қорғайтын орауыш
қа салып, сыртына «СЫНҒЫШ» деген жапсырма жабыстырыңыз.
●
Дискінің магнитті өрістерге қойылмауын қадағалаңыз. Магнитті өрісі бар қауіпсіздік
құрылғылары əуежайдағы құрылғылар мен қауіпсіздік бағандарында болады. Қол жүгін
тексеретін əуежай конвейер таспалары жəне осыған ұқсас қ
ауіпсіздік құрылғылары
магнетизм орнына рентген сəулелерін қолданады жəне ол дискіге зақым келтірмейді.
KKWW Дискілерді ұстау
57










