Help Guide - Windows 8

Қызмет көрсету үшін ашатын есікті орнына салу
Жад модулі ұясы, қатты диск, техникалық деректер жапсырмасы мен басқа бөліктерге
кіргеннен кейін қызмет көрсетуге арналған есікті орнына орналастырыңыз.
1. Қызмет көрсету үшін ашатын есікті дұрыстап туралай отырып, оны орнына салыңыз (1)
жəне қақпақ өз орнына тү
скенше оны батарея орнына қарай сырғытыңыз (2).
2. Қызмет көрсету үшін ашатын есікті өзіңізге қаратып, блоктың ортасына кірістірілген 3
бұранданы жəне блоктың жиегінде орналасқан 2 бұранданы бұрап алыңыз (3). Жиектегі 2
бұрандаға арналған резеңке қ
ақпақтарды орнына салыңыз. Одан кейін сервистік қақпақтың
ортасында орналасқан 2 бұранданы бұрап қатайтыңыз (4).
ЕСКЕРТПЕ: Егер қосымша бұранданы пайдаланғыңыз келсе, ол қызмет көрсету үшін
ашатын есіктің астында сақталады.
3. Батареяны салыңыз (Батареяны салу (48-бет) қараңыз).
Қатты дискіні ауыстыру немесе жаңарту
ЕСКЕРТУ: Мəліметтердің жоғалуын немесе жауапсыз жүйені болдырмау үшін.
Қатты дискіні қатты диск ұясынан шығармастан бұрын, компьютерді өшіріңіз. Компьютер
қосулы тұрғанда, ұйқы немесе күту күйінде болғанда, қатты дискіні шығарып алмаңыз.
Егер компьютер сөндірулі
немесе күту күйінде екендігіне сенімді болмасаңыз, қуат түймешігін
басып, компьютерді қосыңыз. Содан соң амалдық жүйе арқылы компьютерді өшіріңіз.
Қатты дискіні шығарып алу
Қатты дискіні шығару үшін:
KKWW Қатты дискілерді пайдалану
59