Help Guide - Windows 8

1. Жұмысыңызды сақтап, компьютерді өшіріңіз.
2. Компьютерге жалғанған айнымалы ток пен сыртқы құрылғыларды ажыратыңыз.
3. Компьютерді тегіс жерге теріс аударып қойыңыз.
4. Батареяның орнының қақпағын жəне батареяның өзін алып тастаңыз (
Батареяны шығарып
алу (49-бет) бөлімін қараңыз).
5. Қатты дискінің 1 бұрандасын босатыңыз. Қатты дискіні қырық бес градус бұрышында
бұрып, оны қатты диск ұясынан көтеріп алыңыз. Қатты дискстандартты қатты дискіге
ұқсас емес тұрақты күйдегі диск.
Қатты дискіні орнату
ЕСКЕРТПЕ: Компьютердің көрінісі осы бөлімдегі суреттегіден сəл өзгешелеу болуы мүмкін.
Қатты дискіні орнату үшін:
1. Қатты дискіні ұясына еңкейтіп кіргізіңіз де, ұяның ішінде тегіс ұстап орнатыңыз.
2. Қатты дискінің бұрандасын бекітіңіз.
3. Қызмет көрсетуге арналған есікті орнына салыңыз (
Қызмет көрсету үшін ашатын есікті
орнына салу (59-бет) бөлімін қараңыз).
4. Батареяны салыңыз (
Батареяны салу (48-бет) қараңыз).
5. Компьютерге жалғанған айнымалы ток пен сыртқы құрылғыларды жалғаңыз.
6. Компьютерді қосыңыз.
Қатты дискінің жұмысын жақсарту
Дискіні дефрагментациялау құралын пайдалану
Компьютерді пайдаланғанда қатты дискідегі файлдар бөлініп қалады. Дискіні
дефрагментациялау құралы амалдық жүйе тиімді жұмыс істеуі үшін қатты дискідегі бөлініп
қалған файлдар мен қалталарды қайта біріктіреді.
ЕСКЕРТПЕ: Дискіні дефрагментациялау құралын жартылай өткізгішті дискілерде жұмыс
істету қажет емес.
60
8-тарау Дискілер KKWW