Help Guide - Windows 8
Құпия сөздерді пайдалану
Құпия сөз компьютердегі ақпаратты қорғау үшін таңдалған таңбалар тобы болып табылады.
Ақпаратыңызды пайдалануды бақылауды қалай жүргізгіңіз келгеніне байланысты құпия
сөздердің бірнеше түрін қоюға болады. Құпия сөздерді Windows жүйесінде немесе
компьютерге алдын ала
орнатылған Windows жүйесіне жатпайтын Computer Setup қызметінде
орнатуға болады.
●
BIOS əкімшісінің құпия сөзі жəне DriveLock құпия сөзі Computer Setup утилитасында
орнатылады. Олар жүйенің BIOS бағдарламасы арқылы басқарылады.
●
Автоматты DriveLock құпия сөздері Computer Setup утилитасында қосылады.
●
Windows құпия сөздері Windows амалдық жү
йесінде ғана орнатылады.
●
Егер HP SpareKey бұрын орнатылған болса жəне Computer Setup құралындағы BIOS
əкімшісінің құпия сөзін ұмытып қалсаңыз, құралға HP SpareKey арқылы кіруіңізге болады.
●
Егер DriveLock қолданушы құпия сөзі мен Computer Setup құралының DriveLock негізгі
құпия сөзінің екеуін де
ұмытып қалсаңыз, осы құпия сөздермен қорғалған қатты диск
мүлдем жабылып қалады жəне оларды қолдану ары қарай мүмкін болмайды.
Computer Setup жəне Windows қауіпсіздік мүмкіндіктері үшін бір құпия сөзді пайдалануға
болады. Бірнеше Computer Setup мүмкіндігіне де бір құпия
сөзді қолдануға болады.
Құпия сөздерді жасау жəне сақтау үшін келесі кеңестерді орындаңыз.
●
Құпия сөздерді жасаған кезде бағдарламамен қойылған талаптарды орындаңыз.
●
Бір құпиясөзді бірнеше қолданбалар мен веб-сайттар үшін қолданбаңыз жəне
Windows
құпиясөзіңізді басқа қолданбалар мен веб-сайттар үшін қолданбаңыз.
●
HP Client Security бағдарламасының Password Manager (Құпия сөздер реттегіші) құралын
веб-тораптарыңыз бен бағдарламаларыңыздың барлығы үшін пайдаланушы аттары мен
құпия сөздерін сақтау мақсатымен пайдаланыңыз. Егер ұмытып қ
алсаңыз, келешекте
оларды қауіпсіз оқуыңызға болады.
●
Құпия сөздерді компьютердегі файлда сақтауға болмайды.
Келесі кестелерде жиі қолданылатын Windows жəне BIOS əкімшілік құпия сөздерінің тізімі
жəне олардың функцияларының сипаттамасы берілген.
Windows амалдық жүйесінде құпия сөздер орнату
Құпия сөз Қызмет
Əкімші құпия сөзі* Windows əкімшілік деңгейіндегі есептік жазбаны
қорғайды.
ЕСКЕРТПЕ: Windows əкімші құпиясөзін тағайындау BIOS
əкімші құпиясөзін тағайындамайды.
Пайдаланушының құпия сөзі* Windows жүйесін пайдаланушылардың есептiк
жазбаларын рұқсатсыз пайдаланудан қорғайды.
*Windows əкімші құпия
сөзі немесе Бастау экранында Windows пайдаланушы құпия сөзі параметрлерін орнату туралы
ақпаратты алу үшін, HP Support Assistant бөлімін қараңыз. Бастау экранынан HP Support Assistant бағдарламасына
қол жеткізу үшін, HP Support Assistant белгішесін таңдаңыз.
64
9-тарау Қауіпсіздік KKWW










