Help Guide - Windows 8

Computer Setup қызметінде құпия сөздер орнату
Құпия сөз Қызмет
BIOS əкімші құпия сөзі* Computer Setup қызметін рұқсатсыз кіруден қорғайды.
ЕСКЕРТПЕ: BIOS əкімші құпия сөзін жою мақсатымен
мүмкіндіктер қосылған болса, олар өшірілгенше құпия
сөзді жоюға болмауы мүмкін.
DriveLock басты құпия сөзі* DriveLock қызметімен қорғалғ
ан ішкі қатты дискіні
рұқсатсыз кіруден қорғайды. DriveLock қорғанысын жою
үшін де қолданылады. Бұл құпия сөз қосу үрдісі
барысында DriveLock Passwords параметрінде
орнатылады.
ЕСКЕРТПЕ: DriveLock құпия сөзін орнатпас бұрын BIOS
əкімші құпия сөзін орнату қажет.
DriveLock пайдаланушы құпия сөзі* DriveLock қызметімен қ
орғалған ішкі қатты дискіні
рұқсатсыз кіруден қорғайды жəне қосу үрдісі барысында
DriveLock Passwords парметрінде орнатылады.
ЕСКЕРТПЕ: DriveLock құпия сөзін орнатпас бұрын BIOS
əкімші құпия сөзін орнату қажет.
*Осы құпия сөздер туралы толық ақпарат алу үшін келесі тақырыптарды
қараңыз.
BIOS əкімші құпия сөзін басқару
Бұл құпия сөзді орнату, өзгерту немесе жою үшін мына қадамдарды орындаңыз:
Жаңа BIOS əкімші құпия сөзін орнату
1. Компьютерді қосыңыз немесе қайта қосыңыз, содан кейін экранның төменгі жағында
«Press the ESC key for Startup Menu» («Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз»)
хабары
көрсетілгенде, esc пернесін басыңыз.
2. Computer Setup қызметіне кіру үшін, f10 пернесін басыңыз.
3. Меңзегіш құрылғының немесе көрсеткі пернелердің көмегімен Security (Қауіпсіздік) >
Setup BIOS Administrator Рassword (BIOS əкімші құпия сөзін орнату) тармақтарын таңдаңыз,
содан кейін enter пернесін басың
ыз.
4. Нұсқау берілгенде, құпия сөзді теріңіз.
5. Нұсқау берілгенде, жаңа құпия сөзді растау үшін қайта теріңіз.
6. Өзгерістерді сақтап Computer Setup құралынан шығу үшін, Save (Сақтау) пернесін басып,
экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
немесе
Көрсеткі пернелердің көмегімен Main (Негізгі) > Save Changes and Exit (Өзгертулерді
сақтап шығу) пəрменін таңдаңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз.
Бұл өзгертулер нəтижесі компьютерді қайта қосқаннан кейін көрінеді.
BIOS əкімші құпия сөзін өзгерту
KKWW Құпия сө
здерді пайдалану
65