Help Guide - Windows 8

Жүйені қалпына келтіруді жүзеге асыру
Жүйе қателігі немесе тұрақсыздығы орын алса, компьютер файлдарыңызды қалпына келтіру
үшін төмендегі құралдарды қамтамасыз етеді:
Windows қалпына келтіру құралдары: Windows жүйесінің сақтық көшірме жасау жəне
қалпына келтіру құралын пайдаланып бұрын сақтық көшірмесі жасалған
ақпаратты
қалпына келтіруге болады. Windows жүйесінің автоматты түрде жөндеу мүмкіндігінің
көмегімен Windows жүйесіне дұрыс іске қосылуға кедергі жасайтын проблемаларды
шешуге болады.
f11 қалпына келтіру құралдары: f11 қалпына келтіру құралдарын қатты дискінің бастапқы
кескінін қалпына келтіру үшін пайдалануғ
а болады. Кескінге Windows амалдық жүйесі
жəне зауытта орнатылған бағдарламалық құрал бағдарламалары кіреді.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютерді іске қосу əрі бұрын жасалған жүйені жөндеу дискілерін (тек
таңдаулы үлгілерде) пайдалану мүмкін болмаса, Windows амалдық жүйесінің DVD дискісін
сатып алып компьютерді қайта жүктеу жəне амалдық жүйені жөндеу керек болады. Қосымша
ақпарат алу үшін
Windows амалдық жүйесінің дискісін (бөлек сатылады) пайдалану (84-бет)
бөлімін қараңыз.
Windows қалпына келтіру құралдарын пайдалану
Бұрын сақтық көшірмесі жасалған ақпаратты қалпына келтіру үшін:
1. HP Support Assistant бағдарламасын ашыңыз.
Бастау экранынан HP Support Assistant бағдарламасына қол жеткізу үшін, HP Support
Assistant белгішесін таңдаңыз.
2. Запоминающее устройство (Жад құрылғысы) түймешігін басыңыз.
3. Программа архивации и восстановления
(Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру)
бағдарламасын таңдаңыз.
Автоматты түрде жөндеу көмегімен ақпаратты қалпына келтіру үшін, мына қадамдарды
орындаңыз:
ЕСКЕРТУ: Кейбір Startup Repair опциялары қатты дискіні мүлдем жойып, қайта пішімдейді.
Жасалған барлық файлдар мен компьютерге орнатылған кез-келген бағдарламалық құрал
біржолата жойылады. Қайта пішімдеу аяқталғанда, қалпына келтіру процесі қалпына келтіру
сақтық көшірмесінен амалдық жүйені, сондай-ақ драйверлерді, ба
ғдарламалық құралдарды
жəне утилиталарды қалпына келтіреді.
82
11-тарау Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру KKWW