Help Guide - Windows 8
4. Экранда «Press <F11> for recovery» (Қалпына келтіру үшін F11 пернесін басыңыз) хабары
шыққанда f11 пернесін басыңыз.
5. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Windows амалдық жүйесінің дискісін (бөлек сатылады) пайдалану
Windows амалдық жүйесінің DVD дискісіне тапсырыс беру үшін, қолдау қызметімен
хабарласыңыз. Осы компьютермен жабдықталған
Worldwide Telephone Numbers
(əлем бойынша
қызмет көрсету телефондары) кітапшасын қараңыз. Байланыс ақпаратын HP веб-сайтынан да
қарауға болады.
http://www.hp.com/support мекен-жайын ашып, экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
ЕСКЕРТУ: Windows амалдық жүйесінің дискісін пайдалану қатты диск ішіндегісін толығымен
өшіреді əрі қатты диск жетегін қайта пішімдейді. Жасалған барлық файлдар мен компьютерге
орнатылған кез-келген бағдарламалық құралдар біржолата жойылады. Қайта пішімдеу
аяқталғанда, қалпына келтіру процесі амалдық жүйені, сондай-
ақ драйверлерді, бағдарламалық
құралдарды жəне утилиталарды қалпына келтіруге көмектеседі.
Windows амалдық жүйесінің DVD дискісін пайдаланып қалпына келтіруді іске қосу үшін:
ЕСКЕРТПЕ: Бұл процесс бірнеше минутқа созылады.
1. Мүмкін болса, барлық жеке файлдардың сақтық көшірмесін жасаңыз.
2. Windows операциялық жүйесінің DVD дискісін оптикалық дискіенгізгісіне салып,
компьютерді қайта қосыңыз.
3. Сұралғанда, пернетақтадағы кез келген пернені басыңыз.
4. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Қ
алпына келтіру үрдісі аяқталғаннан кейін:
1. Windows операциялық жүйесінің дискісін шығарып,
«
Драйверді қалпына келтіру
»
дискісін
шығарып алыңыз.
2. Алдымен Аппараттық құралды қосу драйверлерін, одан кейін ұсынылған бағдарламаларды
орнатыңыз.
Windows жүйесін жаңарту немесе Windows жүйесін қалпына келтіру
мүмкіндіктерін пайдалану
Компьютеріңіз дұрыс жұмыс істемей тұрған кезде жəне жүйенің тұрақтылығын қалпына келтіру
қажет болғанда, Windows жүйесінің Қалпына келтіру функциясы маңызды ақпаратты қалпына
келтіріп, сақтауға мүмкіндік береді.
Windows жүйесін қалпына келтіру опциясы компьютеріңізден
бас тартпас немесе оны қоқысқа
тастамас бұрын компьютерді толығымен қайта пішімдеуді жүзеге асыруға немесе жеке
ақпаратыңызды жоюға мүмкіндік береді. Осы мүмкіндік туралы қосымша ақпаратты жəне
нұсқауларды HP Support Assistant бағдарламасынан қараңыз. Бастау экранынан HP Support
Assistant бағ
дарламасына қол жеткізу үшін, HP Support Assistant белгішесін таңдаңыз.
84
11-тарау Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру KKWW










